Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда инертті материалдарды заңсыз өндіру фактілері көбейген

18 Мамыр, 2026
Жетісуда инертті материалдарды заңсыз өндіру фактілері көбейген
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 20-дан астам дерегі анықталып, жолы кесілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері инертті материалдарды заңсыз өндіру және тасымалдау фактілерін анықтау мен жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. 2026 жылдың басынан бері өңір аумағында құм, қиыршық тас және өзге де инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 21 дерегі анықталды.

Мәселен, Талдықорған-Үштөбе автожолының Еңбек ауылы маңында жүк көлігін тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз шамамен 10 тонна қиыршық тас тасымалдау фактісі анықталды.

Сондай-ақ, сол түні Алматы-Өскемен автожолының Көксу ауданы аумағында полицейлер құмды қажетті ілеспе құжаттарсыз тасымалдап келе жатқан жүк көлігін тоқтатты.

Аталған екі дерек бойынша материалдар заңнамаға сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Жиналған материалдар одан әрі қарау және тиісті шара қабылдау үшін уәкілетті органға жолданады.

 – Инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп, табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын бұзады. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда, ал мұндай құқықбұзушылықтар дер кезінде анықталып, жолы кесілетін болады, – деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан»: «EcoSana» интеллектуалды ойыны өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Берекелі шаңырақ – бақытты отбасы»

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.