Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Берекелі шаңырақ – бақытты отбасы»

18 Мамыр, 2026
«Берекелі шаңырақ – бақытты отбасы»
2
БӨЛІСУ
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Панфилов аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор «Берекелі шаңырақ – бақытты отбасы» атты әсерлі кездесу кеші өтті. Тағылымды шараның басты қонағы – ауданға үлгілі, көпбалалы әрі өнегелі отбасылардың бірі саналатын Молдабековтар әулеті болды.

Кештің негізгі мақсаты – отбасы құндылығын дәріптеу, жанұядағы сыйластық пен татулықтың маңызын насихаттау, сондай-ақ жас ұрпаққа ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді үлгі ету.

Шара барысында отбасының қоғамдағы орны, ата-ана қадірі, ұрпақ тәрбиесі, шаңырақтағы бірлік пен берекенің мәні жайлы тағылымды әңгімелер өрбіді. Молдабековтар отбасы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ынтымағы жарасқан отбасының басты құндылығы – өзара құрмет, түсіністік пен мейірім екенін ерекше атап өтті.

Кездесу кешінде ұлттық салт-дәстүр, отбасылық тәрбие, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді асыл құндылықтар кеңінен сөз болып, қатысушылар арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Кеш қонақтары да отбасы тақырыбындағы жүрекжарды лебіздерін білдіріп, өмірден алынған әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Жылы әрі рухани атмосферада өткен кеш көпшілік көңілінен шығып, отбасы бақыты мен берекелі тіршіліктің қадірін ұғындырған мазмұнды шараға айналды.

Сонымен қатар кештің көркін әріптестеріміз Смағұл Елерке, Скакова Мадина және Аязбекова Ақеркенің әуелете шырқаған әсем әндері аша түсті. Ән мен әңгіме үндескен тағылымды кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көптің жүрегінде ерекше әсер қалдырды.

Ақерке АЯЗБЕКОВА,

Панфилов ауданының

Аудандық кітапханасы

Алдыңғы мақала

Жетісуда инертті материалдарды заңсыз өндіру фактілері көбейген

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жеңіс туы желбіре»

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.