Сенбі, 29 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады

22 Мамыр, 2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
3
БӨЛІСУ
41
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында мектеп түлектерінің қатысуымен ауқымды ағаш және гүл көшеттерін отырғызу акциясы өтті. Экологиялық бастама жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Игі шараға облыс бойынша жалпы саны 32 023 түлек қатысты. Мектеп бітіруші жастар туған өлкесінің көркеюіне өз үлестерін қосып, болашаққа деген ізгі ниеттерін жасыл желек отырғызу арқылы жеткізді.

Акция нәтижесінде өңір аумағында 1 352 ағаш және 2 389 гүл көшеті отырғызылды. Сөйтіп мектеп бітірушілердің өз қолдарымен еккен көшеттері олардың туған мектептерімен, балалық шағымен және туған өлкесімен байланысының символына айналды.

Іс-шараға арнайы барған Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Талдықорғандағы Н. Островский атындағы №8 орта мектеп пен Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп түлектерімен бірге көшет отырғызу рәсіміне қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары жастардың экологиялық бастамасына жоғары баға беріп, олардың туған жердің дамуына қосып жатқан үлесі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ жас ұрпақты табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды.

Сонымен қатар «Әдеп-құқық жұмыс жөніндегі ментор» жобасы аясында мектеп оқушыларына арналған арнайы дәріс сағаттары ұйымдастырылып, құқықтық мәдениет, жауапкершілік және қоғамдық тәртіп тақырыптары кеңінен түсіндірілді.

– Бүгін отырғызған көшетіміз – біздің мектеппен қоштасқан сәтіміздің естелігі ғана емес, туған жерімізге деген құрметіміздің белгісі. Жылдар өте бұл ағаштар өсіп, гүлденген кезде біз де өмірде өз орнымызды табамыз деп сенемін, – деді Нұрқасым Мубина.

Экологиялық акция аясындағы іс-шаралар мұнымен шектелмей, Талдықорған қаласында кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Student CUP» шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Турнирдің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорт пен экологиялық мәдениетті ұштастыру болды.

Жарысқа 14-35 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орны студенттерінен құралған 8 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қорытындысында үздік командалар дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, жауапкершілік, ұйымшылдық және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен бұл акция экологиялық мәдениетті дәріптеген, жастарды ортақ іске жұмылдырған және Жетісудың жасыл келбетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды бастамалардың бірі болды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы

Алдыңғы мақала

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу жастарына жаңа жоба

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
565

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.