Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу жастарына жаңа жоба

22 Мамыр, 2026
Жетісу жастарына жаңа жоба
1
БӨЛІСУ
14
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өңір жастарының болашағына бағытталған «STUDENT HUB ZHETISU» әлеуметтік жобасының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жаңғырту, жастардың көшбасшылық әлеуетін арттыру және цифрлық басқару тетіктерін енгізу мәселелері кеңінен сөз болды.

Брифингке Jetisy Jastary коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Арнай Байжурынов пен «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Қалиева қатысты. Спикерлердің айтуынша, жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге аспақ. Негізгі бағыт – студенттік өзін-өзі басқару жүйесін біріздендіріп, өңір көлемінде ортақ үйлестіру кеңістігін қалыптастыру.

Бастама аясында Жетісу облысының сегіз ауданы мен екі қаласындағы бір жоғары оқу орны және кемінде жиырма екі колледж қамтылады. Жоспар бойынша мыңнан астам студент жобаның тікелей қатысушысына айналмақ. Бұл – жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, басқарушылық қабілетін шыңдауға арналған ауқымды алаң.

Бақыт Асанқызының сөзінше, көптеген білім ордаларында студенттік кеңестердің жұмысы әркелкі деңгейде ұйымдастырылған. Бір жерде жүйелі тәжірибе қалыптасса, енді бірінде ұйымдық байланыс әлсіз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін «STUDENT HUB ZHETISU» жобасы өңірлік бірыңғай модель ұсынбақ. Жоба шеңберінде студенттік ұйымдардың ортақ құрылымы жасалып, жұмыс регламенттері мен үлгілік құжаттар әзірленеді. Сонымен қатар тұрақты консультациялық кездесулер, тәжірибелік семинарлар мен заманауи тренингтер өткізу жоспарланған.

Талдықорған қаласында арнайы «STUDENT HUB ZHETISU» облыстық қолдау орталығы ашылады. Бұл орталық студенттік кеңестерге әдістемелік әрі ұйымдастырушылық көмек көрсететін тұрақты орталыққа айналмақ. Мұнда жастар өз жобаларын ұсынып, тәжірибе алмасып, кәсіби менторлардан кеңес алады.

Мамандардың айтуынша, жобаның басты жаңалығының бірі – цифрлық платформаның іске қосылуы. Аталған жүйе арқылы студенттік ұйымдардың бірыңғай базасы қалыптасып, Student Activity Index рейтингтік бағалау тетігі енгізіледі. Ай сайынғы мониторинг жүргізіліп, жастар бастамаларының тиімділігі сараланады. Бұдан бөлек, шағын гранттар модулі мен жобалар банкі жұмыс істеп, студенттердің тың идеяларын қолдауға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кемінде отыз шағын бастамаға менторлық және әдістемелік сүйемелдеу көрсетіледі. Әлеуметтік жобалар, еріктілер қозғалысы, құқықтық сауаттылық, жастар көшбасшылығы мен азаматтық белсенділік бағытындағы ұсыныстарға басымдық беріледі.

Өңір көлемінде интеллектуалдық турнирлер, дебат лигалары, цифрлық кейс чемпионаттары, азаматтық квест-марафондар және TED форматындағы байқаулар өткізу көзделген. Мұндай шаралар студенттердің шешендік қабілетін ұштап, сыни ойлау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жоба аясындағы ауқымды іс-шаралардың бірі – «STUDENT LEADER CAMP ZHETISU – 2026» көшбасшылық лагері. Онда белсенді жастар бас қосып, жобалық менеджмент, жастар саясаты және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру бағытында тәжірибе бөліспек. Ал «Жетісу студенттері – 2026» фестивалі студенттік ұйымдардың бірлігі мен серпінін айшықтайтын алаң болмақ.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жол қателікті кешірмейді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.