Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды

28 Мамыр, 2026
Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды
1
БӨЛІСУ
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды. Фестивальға биыл Түркия, Грузия, Өзбекстан мемлекеттерінен және ел аймақтарынан 8 театр қатысып отыр, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы академиялық драма театры ғимаратының алдында фестивальға қатысушы театрлардың шеруі ұйымдастырылды. Мұнан соң театр ғимаратының залында фестиваль күнделігінен естелік бейнежазба көрсетілді.

Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов дәстүрлі театр мерекесінің Жетісу өңірінде осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырғанын айтты.

— Қадірлі қонақтар мен қатысушылар, жер жәннаты Жетісуға қош келдіңіздер! «BIKEN FEST» фестивалі алғаш рет 2023 жылы Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, Жетісу өңірінің мәдени имиджін нығайтатын маңызды жобаға айналды. Осы 4 жыл ішінде бұл іс-шараға 6 мемлекеттен және еліміздің өңірлерінен барлығы 36 театр қатысты. Биыл да осы фестивальға арнайы шетелден және елімізден 8 театр келіп отыр. Барша театр ұжымдарын облыс әкімінің атынан құттықтап, шығармашылық табыс тілеймін! Өнеріміз өркендей берсін! – деді ол.

Мұнан соң көрермендерге Д.Рақышев атындағы облыстық филармонияның Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрінің концерті ұсынылды.

Театр фестивалі туралы қазылар алқасының төрағасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек пікірін білдірді:

— Елімізде өтетін осындай оншақты театр фестивалі бар. Олардың бәрі де қазақ сахна өнерінің өсіп-жетілуіне септігін тигізіп жатыр. Соның бірі үзілмей жыл сайын Жетісу жерінде өткізіліп отырғаны бізді қуантады. Бұл тек кәсіби сахнагерлерге ғана емес, көрермендер үшін де қызық шара деп ойлаймын. Себебі кез келген көрерменнің Түркияға, Грузияға барып, спектакль көріп қайтуға мүмкіндігі бола бермейді. Оған қоса ұлттық өнерді дамыту деген бір шеңберде қалу емес, ол мәдени алмасулар, рухани байланыстар арқылы толыға түседі, тәжірибе алмасу арқылы өсіп-жетіліп отырады, — деді ол.

Сол сияқты Грузияның Батуми қаласынан келген театр ұжымының өкілдері де ой қосты.

— Біз Қазақстанға тұңғыш рет келіп отырмыз. Ертең «Джазда тек қана қыздар» атты музыкалық қойлымын сахналаймыз. Жалпы театр ұжымынан 40-тан астам, соның ішінде 19 актер келдік. Бір атап өтерлігі, ертең 26 мамыр Грузияның тәуелсіздік күні мерекесі. Соған орай ертең жетісулық көрерменге өнер көрсетеміз, яғни ертең біз үшін мерекелік қуаныш еселене түседі, — деді И. Чавчавадзе атындағы Батуми мемлекеттік драма театрының актері Леван Тедорадзе.

Атап өтсек, «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі 29 мамырға дейін жалғасады. Бес күн бойы театр сахнасында Түркияның Painted bird театры, Өзбекстанның Қашқадария облыстық музыкалық драма театры, Грузияның И. Чавчавадзе атындағы Батуми мемлекеттік драма театры, Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры, Жастар театры, Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры, Түркістан музыкалық драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры өнер көрсетеді.

Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің құрылысы жалғасуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа Конституциядағы «Миранда ережесі»

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.