Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жаңа Конституциядағы «Миранда ережесі»

28 Мамыр, 2026
Жаңа Конституциядағы «Миранда ережесі»
3
БӨЛІСУ
34
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қай мемлекетте және қай заманда болмасын әділдік, «Заң мен тәртіп» қағидасы қоғамның берік қалқаны екені ақиқат. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына аталған қағидалар алғаш рет енгеннен соң азаматтың құқықтарын қорғау күшейтіледі және жаңа сапалық деңгейге көтерілетін болады. Азаматтың құқығы мен бостандығын және заңды мүддесін қорғау  қай кезде де мемлекеттің басты міндеті ретінде қала бермек.

Сенат депутаты Евгений Больгерттің «Мұндағы негізгі мәселе-сот жүйесі мен құқық қорғау органдары тек жазалаушы тетік болып қалмауы керек. Адам құқық қорғау жүйесімен бетпе-бет келгенде, өзінің барлық құқығын толық түсініп, сол құқықтардың мүлтіксіз сақталатынына сенуі тиіс. Жүйе әр азаматқа білікті заң көмегіне қол жеткізуді нақты қамтамасыз етуі қажет»,-деуінен әрбір азаматтың құқық қорғау жүйесіне сенім артуы маңызды екенін байқаймыз.

Адвокатура институтының Конституцияның 86-бабына алғаш енгізілуі бұл қызметтің мәртебесін арттыратын аса маңызды қадам деуге болады. Әлемдік тәжірибедегідей сот процесінде тараптардың теңдігі алғаш рет Конституциялық деңгейде бекітіліп отыр. Сот процесінде адвокатура мен прокуратураның теңдігі жүзеге асқан жағдайда қорғану тарапы мен мемлекеттік айыптау тарапының құқықтық теңдігі салтанат құратын болады.

Сонымен бірге, көпшілік шетел фильмдерінен ғана көріп келе жатқан «Сіз үндемеуге құқылысыз» қағидасы да алғаш рет Конституциялық деңгейде бекітілді. «Миранда ережесі» деп аталатын халықаралық құқықтық ұстаным соған меңзейді. Аталған халықаралық құқықтық ұстанымның мәні-әрбір ұсталған адамға жауап алынар алдында барлық құқықтары толық түсіндірілмейінше, одан жауап алынбауы тиіс.

Кәсіби мамандардың пайымынша, осы Конституциялық қағиданы заң жүзінде жүзеге асыру-азаматтардың құқығы мен бостандығын және заңды мүддесін қорғауды күшейтіп қана қоймай, құқық қорғау органдарының ұсталған адамға деген көзқарасын әділетті арнаға бұрады, демек «Миранда ережесінің» қоғамда әділдік пен заң үстемдігінің орнығуына қызмет ететіні ақиқат.

Б.СӘЛІМҰЛЫ

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Заң және тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет дамуының кепілі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.