Мемлекет басшысы өз Жолдауларында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Аграрлық секторды жаңғырту, су ресурстарын тиімді пайдалану, өнімділікті арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты бағыттардың бірі. Бұл міндеттер ауыл шаруашылығы жетекші сала болып саналатын Панфилов ауданы үшін аса маңызды.
Панфилов ауданы қолайлы табиғи-климаттық жағдайымен және еңбекқор шаруаларымен ерекшеленетін аграрлық өңірлердің бірі. Ауданда егіншілік пен мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Сондықтан Президент Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асыру аудан экономикасының тұрақты дамуына жол ашады.
Бүгінде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы суды үнемдеп қана қоймай, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік бар. Панфилов ауданында мұндай технологияларды енгізу егіс алқаптарының тиімділігін арттырып, шаруалардың табысын көбейтуге ықпал етеді.
Сонымен қатар Жолдауда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамытуға басымдық берілген. Шикізатты өңдеп, дайын өнім шығару арқылы қосымша құн қалыптастыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға болады. Бұл аудан экономикасының әртараптануына және кәсіпкерліктің дамуына оң әсерін тигізеді.
Ауыл шаруашылығын дамыту – тек экономикалық өсім ғана емес, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартудың да маңызды тетігі. Заманауи технологияларды енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану және өнім өндіру көлемін арттыру арқылы Панфилов ауданы аграрлық әлеуетін одан әрі нығайта алады.
Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру нәтижесінде ауданның ауыл шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. Сондықтан аграрлық секторды жаңғырту – Панфилов ауданының болашағына жасалған маңызды инвестиция.
Мырзағали НҰРСЕЙІТ










