Панфилов ауданында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық акция аясында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамда заң мен тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Акция барысында қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1 және 109-1 баптарына қатысты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Мамандар тұрғындарға аталған баптардың мазмұнын, құқық бұзушылықтың салдарын және заң аясында қарастырылатын жауапкершілік шараларын кеңінен таныстырды.
Сонымен қатар, зорлық-зомбылық жағдайында әрекет ету алгоритмі түсіндіріліп, азаматтарға қажетті құқықтық көмек алу жолдары жөнінде ақпарат берілді. Бұл бағыттағы жұмыстардың мақсаты – қиын жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде қолдау көрсету және құқықтық қорғау тетіктерін түсіндіру.
Тұрғындар көп шоғырланатын орындарда арнайы жадынамалар таратылып, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар ұсынылды. Бұл шара қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
«Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі кепілі. Осындай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықсыз қоғам құруға өз үлесін қосады.
«Жаркент айнасы»










