Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Панфилов ауданындағы төтенше жағдайлар қызметінің техникалық әлеуеті күшейтілді

23 Маусым, 2026
Панфилов ауданындағы төтенше жағдайлар қызметінің техникалық әлеуеті күшейтілді
2
БӨЛІСУ
29
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Панфилов ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне Республикалық жедел-құтқару жасағы тарапынан жаңа арнайы техника табысталды. Құтқарушылардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бұл қолдау төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Жаңадан берілген техникалардың қатарында жол талғамайтын арнайы автокөлік пен көп мақсаттағы амфибиялық қайық бар. Аталған қайықтың басты ерекшелігі – суда да, құрлықта да қозғала алатындығы. Бұл оның су тасқыны, көл мен өзен маңындағы оқыс оқиғалар, сондай-ақ қолжетімділігі қиын аумақтардағы құтқару жұмыстарында кеңінен пайдаланылуына жол ашады.

Соңғы жылдары төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелері заманауи құрал-жабдықтармен, арнайы техникамен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Мұның барлығы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету сапасын арттыруға бағытталған.

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Төлеухан Керімбеков Панфилов аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметімен танысып, техникалық жағдайын көрді. Ол мекеменің көлік тұрақтарын, құтқару жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтарын және материалдық ресурстарын сақтау орындарын аралады.

Сонымен қатар Жаркент қаласындағы №11 өрт сөндіру бөлімінде де жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде бөлімнің демалыс бөлмелері мен кезекші өрт сөндірушілерге арналған жатын орындары жөнделіп, қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлінуде.

Қазіргі уақытта Панфилов ауданындағы төтенше жағдайлар қызметінің қарамағында 5 негізгі және 1 арнайы мақсаттағы техника бар. Жаңадан берілген екі қосымша техника бөлімшенің мүмкіндігін арттырып, құтқарушылардың кез келген жағдайда жедел әрекет етуіне жағдай жасайды.

Мамандардың айтуынша, арнайы техникалардың жаңартылуы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін сақтап қалуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Алдыңғы мақала

Жетісуда 3 млн теңгелік гранттар беріледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.