Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Арпа, бидай ас екен

29 Маусым, 2026
Арпа, бидай ас екен
1
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Кербұлақ ауданында егін ору жұмыстары басталды. Дала еңбеккерлері уақытпен санаспай пісіп-жетілген астықты дер кезінде жинап алу қамына кірісті.

Шаруалар егін орағына тыңғылықты дайындалған. Бүгінде егіс алқаптарында заманауи комбайндар мен қажетті техникалар жұмылдырылып, орақ жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Сондай-ақ жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектер қоры алдын ала дайындалған. Мамандардың айтуынша, биылғы ауа райы егіннің қалыпты өсіп-жетілуіне мүмкіндік берген. Сондықтан шаруалар өнімді ысырапсыз жинап, қамбаға құюды басты міндет санайды.

Аудан әкімінің орынбасары Бақыткелді Қабидолда егіс алқаптарындағы жұмыстарға тоқталып, өңірдегі егін жинау науқанына қажетті материалдық-техникалық базаның толық дайындалғанын айтып берді.

– Аудан бойынша 95 200 гектар жерге дәнді дақылдар егілді. Оның ішінде 27 100 гектары – күздік бидай, 68 000 гектары – жаздық бидай. Сонымен қатар 7 100 гектар жерге майлы дақылдар орналастырылған. Қазіргі таңда Жоламан, Сарыбастау, Қарашоқы және Шанханай ауылдық округтерінде егін жинау басталды. Бүгінге дейін 700 гектар алқап орылып, 1 050 тонна өнім алынды. Орташа өнімділік гектарына 15 центнерді құрап отыр, – дейді аудан әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, науқанды жоғары қарқынмен жүргізу үшін ауданда 404 техника жұмылдырылған. Оның ішінде 242 комбайн, 58 астық тиегіш, 31 астық лақтырғыш, сондай-ақ, басқа да қажетті техникалар бар. Өңірдегі алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі – «Арқарлы» ЖШС. Бұл кәсіпорын өндіріс пен логистиканы тиімді үйлестіріп келеді.

– Біз 2014 жылдан бері шаруашылығымызды дамытып келеміз. Шаруашылықта арпа, бидай және мақсары өсіріледі. Қазіргі уақытта екі «Case» және бір «Еssil КЗС-740» маркалы үш комбайн бар. Сондай-ақ астықты жедел тасымалдауға арналған үш жүк көлігін пайдаланамыз. Жиналған астық тікелей Алматы қаласындағы «Казун» диірмен кешеніне жөнелтіледі. Онда ұн өндіріп, кейін өздерінің наубайханасында дайын өнім шығарып, халыққа ұсынады, – дейді шаруашылық жетекшісі Төлеген Есембеков.

Егіс алқаптарында тәжірибелі механизаторлар да еңбек етеді. Заманауи комбайндарды тізгіндеген Асет Көмегов пен Павел Стреленконың айтуынша, мұндай техникалар сенімді әрі жұмыс істеуге өте қолайлы. Қазір олар үшін ең жауапты кезең. Сондықтан өнімді ысырапсыз жинап алу үшін жаздың әр күнін тиімді пайдалануға тырысуда.

«КамАЗ» жүргізушілері Роман Баталов пен Хұсайын Сопбеков астық тасымалдаумен айналысады.

– Біздің басты міндет – астықты диірменге уақытылы жеткізу. Барлық өндіріс үдерісінің ырғақты жүруі біздің жұмысымызға тікелей байланысты екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл іске біз ерекше жауапкершілікпен қарап, еңбек етеміз, – дейді олар.

Шаруашылықта қазір 8 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 4 механизатор қазіргі уақытта тракторлармен топырақты бастапқы өңдеу, яғни культивация жұмыстарын жүргізуде. Берекелі еңбектің нәтижесінде күреңбелдік диқандар биыл да мол өнім жинап, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосады деп күтілуде. Науқан алдағы күндері де қарқынды жалғасып, егіс алқаптарындағы жұмыс қыза түспек.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке жүгінсек, биыл аймақ бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 511,8 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 286,3 мың гектарға дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 105,6 мың гектарға майлы дақылдар, 13 мың гектарға қант қызылшасы, 6,6 мың гектарға картоп, 8,4 мың гектарға көкөніс-бақша дақылдары және 91,6 мың гектар жерге малға қажет азықтық дақылдар егілген.

Қазіргі кезде облыс көлемінде егістіктерді күтіп-баптау жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, қант қызылшасы, майбұршақ және дәндік жүгері алқаптарында пестицидтермен өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге дейін арамшөптерге қарсы гербицидтермен 117,7 мың гектар жер өңделсе, минералдық тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру 94,7 мың гектар алқапта жүргізілген. Жалпы көлемі 65,8 мың гектарды құрайтын күздік дақылдарды жинау жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.

Айгүл БАЙБОСЫН

Алдыңғы мақала

Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Құрылыс сапасы – қатаң бақылауда

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.