Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр

29 Маусым, 2026
Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауындағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту – тұрақты дамудың негізгі факторы» атты бесінші бағытқа сәйкес Жетісу облысында инфрақұрылымның тозуын төмендету мен басқарудың жаңа моделін құру шаралары белсенді іске асып жатыр. Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне арнайы келген ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Қалибеков айтты.

Өңірде департамент тарапынан 44 табиғи монополия субъектісінің қызметі реттеледі, оның ішінде су шаруашылығы бойынша – 17, жылу энергетикасында – 13, кірме жолдар саласында – 12, электр энергетикасында – 5 және газбен жабдықтау саласында 3 субъекті бар. Есепті кезеңде тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге 23 өтінім келіп түсіп, оның ішінде 3 тарифтік смета мен 2 инвестициялық бағдарлама бекітілді, ал 2 өтінім кері қайтарылды. Бұл департаментті биылғы алты айлыққа жасаған қорытындысы.

–  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл облыстың негізгі коммуналдық кәсіпорындарына қомақты инвестициялар тартылып жатыр. Атап айтқанда, электр энергетикасы саласында «Талдықорған акционерлік көлік электр желісі компаниясы» АҚ-ның желілер мен жабдықтарды жаңартуға 8,8 млрд теңге, ал жылу энергетикасында «Талдықорғанжылусервиске» 4,7 млрд теңге инвестиция қарастырылған. Сумен жабдықтау және су бұру салалары бойынша ең үлкен көлем «Текелі су құбыры» МКК-на тиесілі – 13,12 млрд теңге, оның ішінде кәріздік тазарту құрылысына 8,0 млрд теңге берілді. Одан бөлек, «Қаратал Таза Су» МКК-ның кәріздік тазартудың құрылысына 4,3 млрд теңге, өндірістік процестерді автоматтандыру үшін «Жетісу Су Құбыры» МКК-на 2,6 млрд теңге, сондай-ақ «Алакөл Су», «Ескелді Су Құбыры» және «Панфилов Су Құбыры» кәсіпорындарының жүйелерін жаңғыртуға жалпы алғанда 2,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта «Талдықорған акционерлік көлік электр желісі компаниясы» АҚ тарапынан ұлттық жоба шеңберінде тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаны өзгертуге өтінімдер жолданып, олар департаменттің қарауында жатыр, – деді өз баяндамасында Думан Сейітқұлұлы.

Үкіметтің инфляцияны 11%-дан асырмай ұстап тұру және тарифтердің өсуін тежеу жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, Жетісу облысында халық үшін тарифтер 2026 жылғы 1 сәуірге дейін төмендетілген болатын. Нәтижесінде, сумен жабдықтау тарифі 1 текше метр үшін 74,80 теңгеден 68,0 теңгеге дейін (9,1%-ға) арзандап, су және жылумен жабдықтау бойынша бұрын қолданыста болған әлеуметтік нормалар тоқтатылды. Газ жабдықтау тарифі де халық үшін 1000 текше метрге 45 395,12 теңгеден 40 510,27 теңгеге дейін (10,7%-ға) төмендетілді. Сондай-ақ, бірінші тоқсанның соңына дейін тұрғындар үшін табиғи монополиялар қызметінің бағасын өсіруге ресми шектеу енгізілді.

«Жетісу-Ақпарат»

Алдыңғы мақала

Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Арпа, бидай ас екен

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.