Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстанда QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды

20 Шілде, 2026
Қазақстанда QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды
2
БӨЛІСУ
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа цифрлық платформа креаторларға мемлекеттік қолдау тетіктерін бір жүйе арқылы пайдалануға мүмкіндік береді.
Платформа жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына арналған. Олардың қатарында авторлар, дизайнерлер, суретшілер, фотографтар, музыканттар, қолөнершілер және өзге де креаторлармен қатар, шығармашылық студиялар, бірлестіктер, агенттіктер, продюсерлік орталықтар мен креативті индустрия саласында жұмыс істейтін ұйымдар бар.
Енді креативті индустрия өкілдері www.qazaqculture.com порталындағы QazaqCreative бөлімі арқылы тіркеліп, жеке кабинетін ашып, платформадағы цифрлық сервистерді пайдалана алады.
Тіркеуден өткен пайдаланушылар өз профилін басқаруға, жобалары мен көрсететін қызметтері туралы ақпарат орналастыруға, хабарламалар алуға және мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуға өтінім береді.
QazaqCreative платформасында грант бағдарламалары, жобаларды қаржыландыру тетіктері, білім беру және акселерациялық бағдарламалар, консультациялық, сараптамалық, ақпараттық әрі цифрлық қолдау құралдарына дейінгі ақпарат ұсынылады. Сондай-ақ пайдаланушылар байқауларға, питчинг сессияларына, форумдарға, көрмелерге және өзге де салалық іс-шараларға қатыса алады.
Платформаға тіркелу үшін www.qazaqculture.com порталындағы QazaqCreative бөліміне өтіп, тіркеу нысанын толтырып, қажетті мәліметті енгізу қажет. Модерациядан өткеннен кейін пайдаланушының жеке кабинеті ашылады.
Платформа еліміздегі креаторлардың өнімдері мен қызметтеріне қызығушылық танытқан көпшілікке де арналған.
QazaqCreative платформасы Қазақстанның креативті экономикасының жетілдірудегі бірегей бастама болмақ. Алдағы уақытта Креативті индустрияларды дамыту қоры еліміздегі креаторларды қолдау, шығармашылық кәсіпкерлікті дамыту, саладағы жобаларды ілгерілету және ұлттық креативті индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Алдыңғы мақала

Новый закон о радиоактивных отходах: что изменится в Казахстане

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында жалпы сыйымдылығы 714 мың тонна болатын 486 астық қоймасы бар

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.