«Қазақтелеком» АҚ Жаркент қалалық телекоммуникация желісі мекемесінде заң талаптарын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған түсіндіру іс-шарасы өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру, еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттарын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға заң талаптарын қатаң сақтау, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын орындау, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы атқару, қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға заңмен тыйым салынатыны жөнінде айтылды.
Сондай-ақ қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанудың, ұйымның беделін қорғаудың, азаматтармен қарым-қатынаста ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаларын басшылыққа алудың маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, заң талаптарын, қызметтік және еңбек тәртібін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз орындау және лауазымдық міндеттерді жоғары жауапкершілікпен атқару мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер алды.










