Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Тазалық табалдырықтан басталады

3 Тамыз, 2026
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» аясындағы рейдтік жұмыстар жалғасуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Облыс әкімі орынбасарының Марлен Көлбаевтың жетекшілігімен 2026 жылғы 17 маусымнан бастап облыстық, аудандық және қалалық ведомствоаралық мобильді топ жұмыс істеуде. Оның құрамына прокуратура, полиция, экология, төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, көліктік бақылау инспекциясы, облыстық басқармалар, жастар және волонтерлік ұйымдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Бүгінге дейін облыс аумағында 139 рейдтік іс-шара өткізіліп, 89 құқықбұзушылық анықталды. Рейдтердің қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 156 жарияланым жарық көрді.

27-28 шілде күндері Талдықорғанқаласы мен Ескелді ауданында мобильді топтардың қатысуымен кезекті рейдтер ұйымдастырылып, анықталған құқықбұзушылықтар бойынша заңнама талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

27 шілдеде Талдықорған қаласында Қаратал және Балықты өзендерінің бойында «Шомылуға тыйым салынады» белгілері орнатылған аумақтарда қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетовтің жетекшілігімен профилактикалық рейд өткізілді. Нәтижесінде тыйым салынған жерде суға шомылған 2 құқық бұзушылық фактісі анықталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша екі азаматқа әрқайсысына 3,5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы айыппұл сомасы 55 062 теңгені (7 АЕК) құрады.

Рейд барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, белгіленген ережелерді сақтаудың маңыздылығы жөнінде профилактикалықжұмыстар жүргізілді.

Ал, 28 шілдеде Талдықорған қаласында жүргізілген рейд кезінде Қаратал өзенінің жағалауындағы ортақ пайдаланылатын аумаққа ауыр жүк көлігімен тұрмыстық қатты қалдықтарды заңсыз төгу дерегі анықталды. Құқық бұзушыға қатыстыиҚазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және абаттандыру қағидаларына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Сол күні қаланың санитариялық жағдайына жүргізілген мониторинг барысында 6 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 3 азаматқа әкімшілік айыппұл салынып, 3 азаматқа ескерту берілді.

Ескелді ауданында әкім орынбасары Жанар Байұзақова жетекшілігімен өткізілген рейд қорытындысы бойынша 6 әкімшілік хаттама рәсімделді. Оныңішінде 5 азаматқа ескерту жасалып, 1 құқық бұзушыға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұлсалынды.

Мұндай рейдтік-профилактикалық іс-шаралар қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қоршаған ортаны қорғауға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және азаматтардың қауіпсіз әрі жайлы ортадаиөмір сүруіне жағдай жасау мақсатында тұрақты түрде жалғасатын болады.

Алдыңғы мақала

«Қазақтелеком» қызметкерлеріне заң талаптары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда 270 грамнан астам мефедрон тәркіленді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.