Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірқатары арзандады

14 Тамыз, 2026
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

2026 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді.

Апта ішінде картоптың бағасы (-4,2%), ақ қауданды қырыққабат (-1,2%), алма (-1,1%), пияз бен сәбіз (-1%) арзандады. Сондай-ақ қатты және жартылай қатты ірімшіктің бағасы (-0,3%), майлылығы 5-9% сүзбе және тұз (-0,2%), бірінші сұрыпты бидай ұны мен қаймақ (-0,1%) төмендеді.
Бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны, рожки, сүйекті сиыр еті, сүйексіз сиыр еті, жылқы еті, майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейінгі пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүт, жұмыртқа және сары майдың бағасы есепті аптада өзгеріссіз қалды.

Өңірлік бөліністе еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы бір апта ішінде Талдықорғанда (-0,7%), Ақтау мен Жезқазғанда (әрқайсысы -0,4%), Петропавлда (-0,3%), Астанада (-0,2%), Қарағанды, Қостанай, Орал, Өскемен және Павлодар қалаларында (-0,1%) төмендеді. Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Семей және Тараз қалаларында баға алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 259 теңгені құрады, ал ең төмен баға Павлодарда тіркелді – килограмына 191 теңге.

Ақ қауданды қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы килограмына 189 теңге болды. Ең төмен бағалар Түркістанда – 142 теңге, Таразда – 152 теңге деңгейінде тіркелді.

Алманың орташа бағасы килограмына 797 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкентте тіркелді – 639 теңге.

Ет өнімдерінің ішінде республика бойынша сүйекті сиыр етінің орташа бағасы килограмына 3 779 теңгені, тауық етінің бағасы 1 736 теңгені құрады.
 
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.

*Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-НҚ бұйрығымен бекітілген және 31 атаудағы азық-түлік өнімдерін қамтиды.

Алдыңғы мақала

Халықтың таңдауы – ел болашағының бағдары

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

За неделю в Казахстане снизились цены на ряд социально значимых продовольственных товаров

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.