Әулиеағаш ауылында округ әкімі қатысуымен заң мен тәртіп мәселелеріне арналған кездесу ұйымдастырылды. Басқосудың мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың заң талаптарын сақтауға деген жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында елді мекендегі қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз ету мен қоғамдағы тәртіпті нығайту әрбір азаматтың белсенді ұстанымына байланысты екені айтылды.
Жиын соңында қатысушылар заң талаптарын сақтау – қоғам тұрақтылығының, қауіпсіздік пен өзара сенімнің басты кепілі екеніне тоқталып, тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтық жауапкершілікті жоғары ұстауға шақырды.










