«Қазақтелеком» АҚ Жаркент қалалық телекоммуникация желісі мекемесінде заң талаптарын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған түсіндіру іс-шарасы өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру, еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттарын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға заң талаптарын қатаң сақтау, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын орындау, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы атқару, қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға заңмен тыйым салынатыны жөнінде айтылды.










