Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Құрылтай тарихи мұраның өркениетті заманға сай үлгісі

23 Тамыз, 2026
Құрылтай тарихи мұраның өркениетті заманға сай үлгісі
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Құрылтай депутаттарының сайлауы – қоғамды өркениетті дамуға жұмылдыратын, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, азаматтарымыз бен қоғамның өз ара жауапкершілігін нығайтатын һәм мемлекетттің дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеретін аса маңызды тарихи институт болып табылады. Әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтар өзгеріске түсіп, ғылым, технология мен жасанды интеллект қарқынды дамуына байланысты қазақстандық қоғамның саяси, рухани, мәдени, әлеуметтік сұраныстары жедел түрде өзгеруде. 

Азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуға, мемлекеттік билік инстиуттарының тиімділігін арттыруға, олардың ашықтығын қамтамасыз етуге деген талаптарының күшеюіне байланысты икемді, тиімді бір палаталы Парламент-Құрылтай институты құрылғаны заңдылық. Сонымен бірге, халық пен билік арасындағы сенімді нығайтуға да осы институт тиімді қызмет етуі тиіс. Құрылтай институты тарихи мұраның заманауи өкілді органы ретінде жедел түрде сапалы заң шығару үдерісінің тиімділігін еселеп арттыратын болады.

Құрылтай халық өкілдігінің жаңа заманға сай өркениетті үлгісі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашыл болған ауқымды өміршең реформалардың табысты жүзеге асырылуына игі ықпал ететініне сенімім зор.

Бүгінгі күні Жаркент қаласындағы №324 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дауыс беруге сайлау учаскесі ашылмастан келушілердің қарасы көп болуы қала тұрғындарының саяси белсенділігінің жоғары екендігін көрсетті. Таңғы 7.00-де сайлау учаскесісінің есігі айқара ашылысымен келген сайлаушыларды  сайлау учаскесінің төрайымы Бақытгүл Тұрлыбекова бастаған сайлау комиссиясының мүшелері үлкен құрметпен қарсы алған соң Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны салтанатты жағдайда орындалды. Алғаш болып дауыс берген белсенді зейнеткер сайлаушылар Қарлығаш Жайлаубаева мен Адылжан Розиевке сайлау учаскесінің төрайымы естелік сыйлықтарын табыстады.

Тұрғындарының ынтымағы мен бірлігі ырысын тасытқан жазиралы Жаркент өлкесінің саяси-әкімшілік, рухани һәм мәдени орталығы-Жаркент қаласында орналасқан ән мен күй сазы жанды жадыратқан сайлау учаскелеріне дауыс беруге ағылған қарақұрым сайлаушылардың қарасын көріп, аудандағы дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың саяси, азаматтық белсенділігінің жоғары екеніне көзіміз жетті.

Жаңа Конституция бойынша ел болашағын айқындайтын Құрылтай институтының тиімді жұмысын қамтамасыз ететін депутаттарға халықтың сенімі нық деуге болады. Ал сайлаушыларының сенімінің үдесінен шығу-Құрылтай депутаттарының қасиетті азаматтық борышы һәм бұлжымас Конституциялық міндеті!

Бекмұхамет СӘЛІМҰЛЫ,

«Қазақстанның Заңгерлер және

Журналистер одақтарының мүшесі»,

Жаркент қаласы

Алдыңғы мақала

«Бірге – болашаққа» патриоттық флешмобы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзушылық байқаған жоқпыз – ШЫҰ байқаушылары

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.