
Таңғы 7:00-ден басталып, кешке дейін жалғасқан барлық сайлау учаскесі дауыс берушілерді қабылдауды аяқтады.
Аудан бойынша 79 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сайлау күні ауданымыздa 1 сәби дүниеге келді. Сонымен қатар, 105 жастағы Нағиман апамыз, Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова және Туран Бакиева сынды әжелеріміз дауыс берсе, мекемелер ұжым болып таңдауларын жасады. Этно-мәдени бірлестіктері мен алғаш дауыс берген жастарда саяси оқиғадан қалыс қалмады.
Бүгінгі Құрылтай сайлауында аудан тұрғындары өз таңдауын жасап, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыстарын берді.









