«ШЖҚ Талдықорған қаласы облыстық ауруханасы» КМК қабырғасында ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған кезекті маңызды іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында аурухананың комплаенс-офицері Айгерім Ажарханқызы Жұртбаева медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Медициналық ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру» тақырыбы кеңінен түсіндірілді.











