Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Денсаулық сақтаудың жаңа кезеңі

11 Қыркүйек, 2026
Денсаулық сақтаудың жаңа кезеңі
1
БӨЛІСУ
7
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Цифрландыру – қоғамның барлық саласына еніп, халықтың күнделікті өмірін жеңілдетіп келе жатқан маңызды үдеріс. Әсіресе адам өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты медицина саласында заманауи технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдалану аса маңызды. Мемлекет басшысының Жолдауында да цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән берілуі тегін емес. Өйткені жаңа технология – уақытты үнемдеп қана қоймай, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыста денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі таңда өңірде 354 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның 305-і мемлекеттік, 49-ы жекеменшік медициналық ұйым. Ең бастысы, олардың барлығы интернет желісіне қосылған.

Бұл – цифрлық медицинаның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті маңызды инфрақұрылым. Бүгінде медициналық ұйымдарда «Жетісу», «ДамуМед», «103 Көмек» медициналық ақпараттық жүйелері жұмыс істеп, олардың арнайы мобильді қосымшалары да іске қосылған. Қазіргі таңда облыста 6 мемлекеттік медициналық мекеме «Даму» медициналық ақпараттық жүйеге, 24 мемлекеттік мекеме «Жетісу» медициналық ақпараттық жүйеге қосылған.

Цифрландырудың басты артықшылығы – пациент үшін уақытты үнемдеу мен медициналық қызметті барынша қолайлы ету. Мәселен, облыстың медициналық ұйымдарында берілетін анықтамалар пациенттің eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне түседі. Бұл қағазбастылықты азайтып, қажетті құжатты іздеп, медициналық мекемеге қайта барудың алдын алады.

Медицинадағы цифрлық өзгерістер тек құжат айналымымен шектелмейді. Өңірдің барлық медициналық ұйымдары онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін PACS бейнелеу және мұрағаттау жүйесімен біріктірілген. Яғни медициналық кескіндерді цифрлық форматта сақтау, өңдеу және қажетті жағдайда қайта қарау мүмкіндігі жасалған. Мұндай жүйелер дәрігердің нақты әрі жедел шешім қабылдауына ықпал етеді. Сонымен қатар облыс емханаларында дәрігерге баруды растау тетігін жетілдіру мақсатында FaceID технологиясын пайдалану бойынша ауқымды пилоттық жоба қолға алынған. Осы жоба шеңберінде қажетті веб-камералар өткен жылдың қаңтарынан бастап іске қосылды.

Бұл – медициналық қызметтің ашықтығын арттыруға бағытталған қадамдардың бірі. Заманауи технологиялардың көмегімен көрсетілген қызметті нақты тіркеу мүмкіндігі кеңейе түседі.

Халыққа электрондық қызметтерді пайдалану мүмкіндігін түсіндіру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу, eGov.kz порталы мен мобильді қосымшаларды пайдалану жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Медициналық кітапшаны цифрландыру да осы жұмыстардың жалғасы. Облыста «Жеке медициналық кітапша» модулін енгізу мақсатында электронды форматта ЖМК беру процесін пилоттық сынақтан өткізу жөніндегі комиссия құрылып, оған қатысушылардың тізімі бекітілген. Қажетті ұйымдастыру шаралары жүргізіліп, жеке медициналық кітапшаны электронды форматта беру жүзеге асырылды.

Биыл цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға басымдық берілетін кезең. Осы орайда облысының денсаулық сақтау саласында да жаңа жобалар қолға алынуда.
Соның бірі – инсультті ерте анықтауға арналған жасанды интеллект негізіндегі SEREBRA компьютерлік томографияны талдау жобасы. Ол облыстық ауруханада, Панфилов және Сарқан аудандарының ауруханаларына енгізілді.

Жобаның негізгі мақсаты – диагноз қоюға кететін уақытты қысқарту және дәрігердің шешім қабылдауына жедел қолдау көрсету. Инсульт жағдайында уақыттың әр минуты маңызды екенін ескерсек, мұндай технологияның медицинадағы маңызы айрықша. Жасанды интеллект дәрігерді алмастырмайды, керісінше, оның жұмысын жеделдетіп, қажетті ақпаратты уақытында ұсынатын көмекші құрал ретінде қызмет етеді. Бұл – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін нақты салаларда қолданудың бір көрінісі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша бірқатар жобаны іске асыру тапсырылған. Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі №285 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.

Қаулыға сәйкес цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі қызметтерді жеткізуші ретінде «Қазақтелеком» АҚ айқындалған. Осыған байланысты облыстың медициналық ұйымдарын заманауи цифрлық құралдармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен қосымша 289,2 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 138 комплект «Смарт-бейнежетондар», 32 кешенді цифрлық шешім, 1722 «Суық тізбек» жүйесі және 43 телемедициналық кешен алу көзделген.

Қазіргі таңда медициналық ұйымдар «Қазақтелеком» АҚ-мен тиісті келісімшарттар жасауда. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табады. Жалпы, облыста медицинаны цифрландырудың ауқымы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Электронды анықтама, цифрлық медициналық кітапша, бейнелерді сақтау жүйесі, FaceID, телемедицина және жасанды интеллект – мұның барлығы бір мақсатқа, яғни халыққа көрсетілетін медициналық көмекті заманауи, жедел әрі сапалы етуге бағытталған.

Цифрландыру – жай ғана техникалық жаңғыру емес. Оның түпкі мәні – дәрігердің уақытын үнемдеп, пациентке көрсетілетін қызметті жеңілдету, медициналық көмектің сапасын арттыру. Ал жасанды интеллектінің медицинаға енуі бұл үдерісті жаңа деңгейге көтеріп отыр.

Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді басшылыққа ала отырып, облыстық денсаулық сақтау саласында да цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғаса бермек. Өйткені заманауи медицина – озық технология мен білікті маманның, ал оның басты нәтижесі – адам денсаулығының үйлесімінен көрінеді.

Алмагүл Кенжеғұлова,
облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Алдыңғы мақала

«Медициналық ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ИИ-диагностика, биометрия и миллионные инвестиции в здравоохранение

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.