Сәрсенбі, 7 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янь «Кітап оқитын ұлт» марафоны қатысушыларына үндеу жолдады

21 Қыркүйек, 2026
Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янь «Кітап оқитын ұлт» марафоны қатысушыларына үндеу жолдады
2
БӨЛІСУ
21
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо Янь «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына қатысушыларына үндеу жолдап, қазақстандық оқырмандарға шабыт, табыс және әдебиет әлемінде жаңа жаңалықтар ашуды тіледі.

Өзінің бейнеүндеуінде жазушы «Сарымсақ жыры» кітабі қазақ тіліне аударылып, марафон аясында оқылатын шығармалар тізіміне енгенін атап өтті.

«Менің «Сарымсақ жыры» романымның қазақ тіліне аударылып, осы марафон шығармалар тізіміне енгеніне өте қуаныштымын», — деді Мо Янь.

Жазушы сондай-ақ Қазақстанға жасаған сапары мен қазақстандық қаламгерлермен кездесулері туралы айтты. Ол қазақ әдебиетімен танысу екі елдің әдеби дәстүрлері арасында ерекше жақындық бар екенін сезінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Қазақ әдебиеті маған өте жақын әрі қымбат. Өйткені сіздердің шығармаларыңызда суреттелетін өмірдің көп қыры өзімнің басымнан өткерген жағдайлармен үндеседі», — деді жазушы.

Мо Янь «Кітап оқитын ұлт» бастамасының мәдениет пен қоғамды дамытудағы маңызын да ерекше атап өтті.

«Жалпы, кітап оқуға арналған осындай жалпыұлттық марафон ұйымдастырғандарыңыз өте жақсы. Бұл — ұлттық мәдениетті дамытуға ықпал етіп қана қоймай, қоғамның дамуына да елеулі үлес қосатын игі әрі ізгі іс», — деді ол.

https://jaraina.kz/wp-content/uploads/2026/09/WhatsApp-Video-2026-09-21-at-20.03.10.mp4

Марафонға қатысушыларға арнаған сөзінде жазушы оларға кітап әлеміне сапар барысында шабыт тіледі.

«Кітап әлеміне саяхат жасап, білім мен даналықтың биігіне ұмтылған әрбір қатысушыға зор шабыт тілеймін! Әрбір парақ жүректеріңізге жарық сыйлап, ішкі жан дүниелеріңізді байыта берсін. Кітап әрдайым қолдарыңыздан түспесін, ал білімге ұмтылыстарыңыз бен өзін-өзі дамыту жолындағы талпыныстарыңыз әрдайым жетістікпен жалғаса берсін!»

Сөз соңында Мо Янь қазақстандық оқырмандарға алғысын білдіріп, оларды бірге жаңа әдеби көкжиектерді ашуға шақырды.

Мо Янь — әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Ол 2012 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ие болды.

Жазушының ең танымал шығармаларының қатарында «Қызыл гаолян» және «Сарымсақ жыры» романдары бар. Нобель комитетінің мәліметінше, оның шығармашылығында дәстүрлі қытай әдебиеті мен ауыз әдебиеті дәстүрлерінің элементтері заманауи әлеуметтік тақырыптармен ұштасады.

Алдыңғы мақала

Жетісуда тамшылатып суарудың нәтижесінде пияз өнімділігі екі есеге өсті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тазалық — туған жерге құрмет

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
830
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
808
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
650
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
575

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.