Сәрсенбі, 7 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Кене энцефалиті

28 Қыркүйек, 2026
Кене энцефалиті
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Кене энцефалиті – «flavivirus» туыстастығының  вирустарымен шақырылатын, бас миының, жұлынның зақымдалуымен өтетін, табиғи-ошақтық ауру.

Флавивирус вирусының ерекшелігі – залалсыздандыру заттарына, ультракүлгін сәулелерге төзімсіз, бірақ төмен температураларда ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Залалданған сүт өнімдерінде вирус 2 айға дейін сақталады.

Табиғатта вирус иксод кенелерінің организмінде болады.

Вирус  адам, жабайы және үй жануарлары, соның ішінде сиыр, ешкі сияқты жануарларға жұғуы мүмкін.

Вирус қалай жұғады? Кене шаққан кезде, кенені басып, жаншыған кезде, термиялық өңделмеген ауру малдың сүтін, сүт өнімдерін пайдаланғанда.

Кененің адамның терісінде болған уақыты ұзарған сайын, ауру туындау қаупі жоғарылайды.

Аурудың инкубациялық кезеңі – бірнеше күннен 3-4 аптаға дейін.

Сырқаттанушылық тіркелуі көктемде және күздің басында басталады, өйткені табиғатта кене саны көбейіп, олардың белсендiлiгi артады.

«Кене энцефалитінің вирусын орманда, саябақта, табиғат аясында демалу кездерінде жұқтыру мүмкін. Жетісу облысында 2024ж., 2025ж.басынан кене энцефалиті тіркелген жоқ (соңғы рет 2022ж. Ескелді ауданында 1, Текелі қаласында 2 жағдай тіркелген). 2026 жылдың эпидемиялық маусымы басталғалы (2 апта) кене шағумен 975 адам медициналық көмекке жүгінді. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кене шағу жағдайы 22%-ға өсті. Яғни, 2025 жылы 799 жағдай», — дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Жыл сайын кене шағудан 800-ден астам адам зардап шегеді. Осыған байланысты кене энцефалитінің алдын алу шаралары жүргізіледі.

Кене энцефалитінің алдын алу шаралары:

  • тұрғындарды кенеге қарсы иммундаумен қамту. Иммундау кене энцефалитінен қолайсыз аймақта тұратын және жұмыс жасауға немесе демалуға баратын адамдарға (әскери қызметкерлер, малшылар, орман шаруаш. жұмысшылары, аса қауіпті инфекция зертханасының, залалсыздандыру бөлімінің мамандары) жүргізіледі. 2026 жылдың 8 айында (жоспар 4188) жоспар бойынша 4188 адам егілді.
  • кене шаққан адамдарға арнайы кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі, 3 күн ішінде жүргізген тиімді. 969 адамға Ig енгізілді.
  • кене шаққан орнын қасып және кенені жаншып тастауға, бірден жұлып алуға болмайды. Мүмкіндігінше дәрігер-хирургқа жүгінген жөн.
  • зардап шеккен адамнан алынған кенені зерттеу тегін жүргізіледі, зерттеу нәтижелері 1 апта ішінде дайын болады.
  • табиғи ошақтардың аумақтарында профилактикалық мақсатта жыл сайын кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады.
  • барлық аудандар мен қалаларда өңдеу жұмыстарының 1-туры сәуір, 2-туры маусым айында 230га көлеміндегі жерге тұрғындар көп демалатын ашық аумақтарда (саябақ, өзен жағалауы, тау етектері, зират маңайы) жүргізілді.
  • Спецификалық емес профилактикасы:
  • кенелерге қарсы жағымсыз иіс туғызатын репелленттер мен аэрозольдарды қолдану;
  • арнайы киім кию, табиғат аясына шыққанда шалбарды шұлықтың ішіне кіргізіп, үстіне шеті резеңкеленген ұзын жеңді киім кию;
  • табиғат аясына шыққанда ең маңыздысы өзінің, бір-бірлерінің үстілерін жиі-жиі қарап, тексеру;
  • қайнатылған сүтті қолдану.
Алдыңғы мақала

Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы таралып жатқан ақпаратқа байланысты мынаны хабарлаймыз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В Алматы пройдет 30-я юбилейная международная конференция и выставка KIOGE 2026 Слайд 1 из 1. В Алматы пройдет 30-я юбилейная международная конференция и выставка KIOGE 2026

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
830
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
808
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
650
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
575

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.