Сәрсенбі, 7 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

29 Қыркүйек, 2026
Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысының Германия Федеративтік Республикасына ресми сапарының алғашқы күні аталған елдің жетекші іскерлік қауымдастықтары мен қаржы институттарының басшыларымен кездесуден басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылармен Германия қаржысын, тәжірибесі мен тәуекелді басқару тетіктерін Қазақстанның ресурсымен және көлік саласындағы мүмкіндіктерімен ұштастыру мәселесін талқылады.

Президент еліміз Германияның Орталық Азиядағы және Еуразия кеңістігіндегі сенімді серіктесі болуға ұмтылатынын мәлімдеді.

– Халқымыз Германияға айрықша құрметпен қарайтынын, абырой-беделі жоғары мемлекет деп білетінін атап айтқым келеді. Банк секторындағы темірдей тәртіпке, инженерлік шешімдердің жоғары сапасына, шағын және орта бизнестің орнықтылығына (Mittelstand) тәнтіміз. Экономикамызды жаңғырту мен технологиялық тұрғыдан трансформациялау үдерісінде дәл осы ерекшеліктерді үлгі тұтамыз. ГФР – Еуропадағы басты серіктестеріміздің бірі. Еліміздің ең ірі сауда-инвестициялық серіктесі – Еуропалық одақпен ықпалдастықта қазақ-герман ынтымақтастығының маңызы зор. Біз үлкен жолды еңсердік. Әйтсе де экономикалық байланысымыздың әлеуеті мұнымен түгесілмейді. Қазақстан оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге дайын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент кездесуге қатысушыларға жақында S&P агенттігі Қазақстанның дербес рейтингін «тұрақты» деген болжаммен BBB деңгейіне көтергенін жеткізді. Fitch агенттігі де осындай баға берді.

Мемлекет басшысы соңғы он жылда еліміз өңірдегі ең озық цифрлық және қаржылық экожүйені құрғанына назар аударды.

– Экономикамызды қаржыландыруға даму институттары белсенді атсалысуда. Өткен жылы олар 20 миллиард доллар көлемінде қаражат бөлді. Қазақстан даму банкі ұзақ жылдар бойы неміс қаржы институттарының қолдауымен өнеркәсіп, энергетика, көлік инфрақұрылымы салаларында маңызды жобаларды іске асырып келеді. Бұл мақсатқа Deutsche Bank, Helaba, LBBW, Commerzbank, KfW және басқа да ұйымдардан 1,2 миллиард доллар қаржы тартылды, – деді Мемлекет басшысы.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасын құруды ұсынды.

– Мұндай платформа Еуропаның және Германияның капиталын Қазақстан тарапының қоса қаржыландыру, кепілдік беру және бірге тәуекел ету тетіктерімен ұштастырар еді. Ал «Бәйтерек» холдингі мақсатты жобаларды құрылымдау жағын қамтамасыз етеді. Біз елімізде жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының қатарында экспортты кредиттеумен және инвестицияны сақтандырумен шұғылданатын германиялық институттар да болғанын қалаймыз. Бұл ретте Қазақстанда қызметін бастаған Euler Hermes компаниясымен ынтымақтастыққа айрықша маңыз артамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, аса маңызды материалдар саласындағы ықпалдастыққа ерекше мән берген жөн.

Қазақстан Германияның Шикізатпен қамтамасыз ету қорымен ынтымақтастықты жолға қоюға мүдделі. Сондай-ақ UFK кепілдігін беретін шарттарға сай және Германия өнеркәсібіне қажетті шикізат жеткізуге септігін тигізетін жобаларды ілгерілету де – еліміз үшін маңызды.

Бұдан бөлек, энергетика және өнеркәсіп секторын жаңғырту, соның ішінде жаңартылатын қуат көздері мен «жасыл» сутегі жобаларын дамыту аса өзекті. Еуропа инвестициялық банкі мен Қазақстан даму банкі Германия капиталының қатысуымен аталған салалардың бәрінде өзара тиімді ынтымақтастық құра алады.

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Биыл Жетісу облысында 935 мың тонна астық жинау жоспарланған, бұл өткен жылдағыдан 41%-ға артық

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Кәсіптік аурулардың алдын алу

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
830
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
808
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
650
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
575

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.