Сенбі, 21 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Халықтық құрылыс»: Талдықорғанда Креатив орталығы, жаңа музей және Халық шығармашылығы орталығы ашылады

19 Қараша, 2026
«Халықтық құрылыс»: Талдықорғанда Креатив орталығы, жаңа музей және Халық шығармашылығы орталығы ашылады
1
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Президенттің «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Жетісу облысында келесі жылы ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылады. Олардың қатарында мәдениет саласының нысандары да бар. Атап айтқанда, Талдықорғанда Креатив орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Келесі жылы жаңа музей ғимараты салына бастайды. Ал қазіргі музей ғимараты қайта жаңғыртылып, онда Халық шығармашылығы орталығы орналасады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралау барысында айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Креатив орталығы ғимараты пайдалануға беруге дайын.

Бейбіт Исабаев атап өткендей, ғимаратты қайта жаңғырту кезінде қасбетін қаптауға ерекше көңіл бөлінген. Материалдар сапасы мен төзімділігі, сондай-ақ эстетикалық тартымдылығы ескеріле отырып таңдалған. Соның нәтижесінде ғимараттың заманауи әрі көрнекті келбеті қалыптасты. Сонымен қатар облыс әкімі жауапты тұлғалармен Креатив орталығы ғимаратындағы маңдайшалардың стилі мен дизайнын талқылады, дизайн жаңартылған қасбеттің жалпы келбетімен үйлесуі тиіс екенін айтты.

—  Мемлекет басшысы жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында келесі жылы Жетісу облысында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады. Жаңа музей ғимаратының құрылысын бастаймыз, оның ішінде балалар музейі де болады. Ал қазіргі музей ғимаратына жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, Халық шығармашылығы орталығын ашамыз. Мұның бәрі заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ биыл 100 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған Дәнеш Рақышевтың атындағы облыстық филармония ғимаратының қасбетін жаңартуды жоспарлап отырмыз. Ал Креатив орталығын жақын арада пайдалануға береміз. Мұнда жастардың өзін-өзі дамытуына барлық жағдай жасалған. Олар өз жобаларымен тегін жұмыс істеп, стартаптарын дамытып, идеяларын жүзеге асыра алады, – деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Көркемсурет галереясының базасында құрылған Креатив орталығы қолөнершілерге, бизнес өкілдеріне, жас стартаперлерге арналған. Орталық шығармашылыққа, білім алуға және жаңа IT-технологияларды дамытуға бағытталған қалалық креативті индустриялар кеңістігіне айналмақ. Сонымен қатар Көркемсурет галереясы ғимараттың үшінші қабатында жұмысын жалғастырады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Алдыңғы мақала

Қаладан ауылға дейін: 270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Народная стройка»: в Талдыкоргане появятся Креативный центр, новый музей и Центр народного творчества

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
826
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
673
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
662
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
588

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.