Бейсенбі, 19 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қаладан ауылға дейін: 270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

18 Қараша, 2026
Қаладан ауылға дейін: 270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді
1
БӨЛІСУ
8
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«Әділет» партиясының жастар қанаты еліміздің барлық 20 өңірін қамтитын «Жасампаз AI» республикалық жобасын іске қосты. Жобаға шалғай ауылдардың тұрғындарын қоса алғанда, 270 мыңнан астам адамды тарту жоспарланып отыр. Қатысушылар цифрлық сервистер мен жасанды интеллект құралдарын пайдалануды, түрлі контент жасауды және өз жобаларын әзірлеуді үйренеді.

«Жасампаз AI» жобасы – «Әділет» партиясының Президент Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру бағытындағы жұмысының бір бөлігі. Жоба халықтық цифрлық экономиканы дамытуға және заманауи технологияларды азаматтарға қолжетімді етуге бағытталған.

Партия сайлауалды бағдарламасында кемінде 5 миллион қазақстандыққа жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын үйретуді көздеген. «Жасампаз AI» осы міндетті іс жүзінде орындауға арналып отыр. Бұл ретте ауыл жастарына ерекше көңіл бөлінеді. Мақсат – заманауи технологиялар мен білім алу мүмкіндіктерін тұрғылықты жеріне қарамастан, баршаға қолжетімді ету.

Алғашқы іс-шаралар Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында өтті. Батыс Қазақстан облысында ұйымдастырылған «Халыққа арналған цифрлық кеңседегі AI» шеберлік сабағында қатысушылар заманауи мемлекеттік қызметтермен танысты. Жастар халыққа қызмет көрсету орталықтарында цифрлық қызметтерді өз бетінше алуды, соның ішінде арнайы терминалдар арқылы жеке куәлік пен паспорт рәсімдеуді үйренді.

«Жастар Рухы» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Ерлік Шамғали мұндай сабақтар жастардың цифрлық технологияларды күнделікті өмірде еркін пайдалануына көмектесетінін атап өтті.

«Шеберлік сабағында жастар мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта алудың тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді. Бүгінде көптеген қызмет автоматтандырылған. Мысалы, құжат рәсімдеуге арналған жаңа терминалдар уақытты едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – жастарға осындай технологияларды меңгертіп, оларды күнделікті өмірде еркін қолдануға көмектесу», – деді жастар қанатының өкілі.

Шымкентте қалалық әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырылған ЖИ-ді бизнес, медицина және технологиялық әзірлемелер салаларында қолдану мүмкіндіктеріне арналған форум өтті. Қатысушылар стартаптар мен машиналық оқытуды дамыту мәселелерін талқылап, MedTech Startup Battle байқауы мен Decentrathon хакатонында өз жобаларын таныстырды.

Форумға қатысқан Арлен Асылбекұлының айтуынша, алған білімі жастарға сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге және өз бастамаларын дамытуға көмектеседі.

«Біз жасанды интеллект құралдарын күнделікті өмірде, оқуда және жұмыста қолдануды тәжірибе жүзінде үйрендік. Мұндай білім жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге, жаңа мамандықтарды игеруге және болашақта өз кәсібін ашуға көмектеседі деп ойлаймын. Сондықтан осындай оқыту шаралары біз үшін өте пайдалы», – деді ол.

«Жасампаз AI» жобасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

AI Academy аясында 50 мыңнан астам жас білім алады. Қатысушылар жасанды интеллектінің көмегімен мәтін, сурет, презентация және бейнеролик жасауды, сондай-ақ цифрлық сервистер мен мобильді түсірілім құралдарын пайдалануды үйренеді.

AI Challenge 20 мыңнан астам қатысушыны біріктіреді. Олар алған білімдерін шығармашылық және технологиялық жобаларды әзірлеуде қолдана алады. Байқаудың 20 өңірлік және бір республикалық кезеңін өткізу жоспарланған.

AI Ауылға бағыты ауыл тұрғындарының цифрлық дағдыларын дамытуға арналған. Оқыту Қазақстанның мыңнан астам ауылындағы 200 мыңнан астам мұғалім мен оқушыны қамтиды. Қатысушыларға жасанды интеллектіні, онлайн сервистер мен білім беру платформаларын оқу барысында және күнделікті өмірде қолдану жолдары үйретіледі.

Алдағы уақытта «Әділет» партиясының жастар қанаты еліміздің барлық өңірінде оқыту сабақтарын, тәжірибелік шеберлік сабақтары мен технологиялық байқауларды кезең-кезеңімен өткізуді жоспарлап отыр.

«Жасампаз AI» жобасы цифрлық дағдыларды үйретуді, жастардың технологиялық бастамаларын қолдауды және заманауи білім алу мүмкіндіктерін, соның ішінде ауылдық жерлерде де кеңейтуді көздейді.

Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
826
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
673
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
661
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
587

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.