Жұма, 27 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

27 Қараша, 2026
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында Балқаш көлінің жағалауын дамыту шаралары кешенді түрде жүргізілуде. Жағалауға барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылған, автокөлік жолы жаңғыртылды. Құрылысы жоспарланған үш коммуналдық жағажайдың алғашқысы салынып бітті, қазіргі кезде мердігер нысанның жекелеген жерлерінде  ұсақ ескертпелер бойынша жұмыстарды атқаруда. Екінші жағажайда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев аталған нысандардағы жұмыстармен танысып қайтты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы жағажайда салынған коммерциялық және әкімшілік ғимараттарды аралап көрді. Сол сияқты жағалаудағы балалар ойын алаңдары мен жолдардың және басқа да құрылыстардың сапасын тексерді.

Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, құрылыс биылғы сәуір айында басталған, бүгінде жобада қарастырылған жұмыстар түгелге дерлік аяқталған.

Мұнда 500 орынға арналған автотұрақ бар. Екі коммерциялық ғимаратта жалпы саны 18 орын кәсіпкерлердің қоғамдық тамақтану орындарын ашуына арналып салынған. Бұдан бөлек сауда-саттыққа да орындар қарастырылған.

Ал әкімшілік ғимаратта төтенше жағдай және полиция посттары, медициналық пункт орналастырылады. Ана мен бала бөлмесі де бар. Жағалауда балалар ойын алаңдары салынып, киім шешетін орын, душ кабиналары, санитарлық тораптар және басқа да қажеттеліктер жасалған. Бес құтқару мұнарасы қойылған.

Облыс әкімі ғимараттардың сыртқы кейпіне, брусчатка төсемдеріне қатысты шағын ескертпелер айтып, жалпы алғанда құрылысқа оң баға берді. Сондай-ақ қарапайым көпшілік үшін демалыстың қолжетімді, жайлы әрі қауіпсіз болуына барлық мүмкіндік жасалуы тиіс екенін атап өткен Бейбіт Исабаев бұл ретте «Балқаш Тазалық» кәсіпорнының коммуналдық жағажайды күтіп ұстау жұмыстарын жүйелі жоспарлауы керектігін де тілге тиек етті.

— Өңірлердің туристік әлеуетін дамыту туралы Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл екі коммуналдық жағажайдың құрылысын бастадық. Оның құрылысы аяқталып отырған біріншісін жазғы шомылу маусымына дейін іске қосамыз. Мұнда біз мезетте 1800-ге дейін демалушы келе алады. Кәріз, су, электр жүйелері толықтай тартылған. Төтенше жағдай, полиция, медицина қызметкерлері отыратын орындар қарастырылған. Екінші жағажай да келесі жылы қолданысқа беріледі. Үшінші жағажайдың құрылысы басталады. Былтыр Алакөл көлінің жағалауына 2 млн. турист келсе, Балқаш жағалауына келетін туристердің де саны енді еселене артады деп ойлаймыз. Біз алдағы уақытта да өңірге келетін туристерге қолайлы жағдай жасау ісін жалғастырамыз, — деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, Балқаш жағалауын дамытуға бизнес өкілдері де инвестиция салмақ. Соның ішінде жергілікті кәсіпкерлер де бар. Солардың бірі Лепсі ауылының тұрғыны Руслан Сәттібеков пікірін білдірді.

— Жергілікті халық Балқаштың жағалауының дамығанын көптен армандаған едік. Қазір суы, жолы, жарығы — бәрі бар, коммуналдық жағажайлар салынып жатыр. Кәсіпкерлердің де жағалауда бизнесін жүргізуге мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасалып отыр. Енді Лепсі тұрғындары үшін жұмыс орындары, жаңа табыс көзі пайда болады. Бұрындары басқа қалаларға көшіп кеткендер Лепсі өңіріне қайта келіп қоныстанып жатыр. Бұл — біз үшін үлкен қуаныш. Өзім де осы жағажайдан жер телімін алдым, пансионат салуды жоспарлап отырмын. Алдағы көктемнен құрылыс жұмыстарын бастаймыз, — деді жергілікті кәсіпкер.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Алдыңғы мақала

Мәслихат депутаттары өңірдің дамуына қалай ықпал етеді?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В области Жетісу на побережье Балхаша завершено строительство первого коммунального пляжа

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
1k
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
840
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
827
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
674
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
663
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
590

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.