Дүйсенбі, 8 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Экология жастар көзімен: Жетісуда бейнероликтер байқауы өтті

10 Шілде, 2025
Экология жастар көзімен: Жетісуда бейнероликтер байқауы өтті
2
БӨЛІСУ
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Кеше Жетісу облысында экологиялық мәселелерге арналған бейнероликтер байқауы өтті. Ауқымды шара облыстың барлық аудандары мен қалаларында бір мезгілде ұйымдастырылып, жастар ұйымдары мен білім беру мекемелерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Байқау «Менің эко-күнім», «Табиғат тіл қатады», «Қоқыстан кейінгі өмір» атты үш бағыт бойынша жүргізілді. Қатысушылар экологиялық ойларын қысқаметражды бейнеформатта жеткізіп, әлеуметтік желілерге бейімделген, заманауи және креативті жұмыстар ұсынды.

Жас авторлар роликтерінде табиғатты қорғау, қалдықтарды қайта өңдеу, экологиялық мәдениет қалыптастыру сияқты өзекті тақырыптарды көтеріп, бейнебаяндарын тың идеялармен толықтырды. Байқау барысында ұсынылған жұмыстар сценарий сапасы, тақырыпты ашу деңгейі, шығармашылық көзқарас және техникалық орындалу тұрғысынан бағаланды.

Байқауда 1 орынды Ескелді ауданының командасы, 2 орынды Текелі қаласының қатысушылары, 3 орынды Сарқан ауданының өкілдері иеленді.

Байқауға 11 команда қатысып, үздік шыққан үштікке алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатқа деген жауапкершілікті терең сезіндіру және экологиялық мәселелерге шығармашылық көзқарас қалыптастыру.

Бұл байқау Жетісу жастарының табиғатты аялауға деген белсенді көзқарасын байқатты. Мұндай бастамалар өңірде экологиялық мәдениеттің дамуына және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоғамдық белсенділіктің артуына ықпал ететіні сөзсіз.

Алдыңғы мақала

Алакөлде инфрақұрылым жаңартылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Талдықорғанда су саласының мамандары марапатталды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.