Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Талдықорғанда су саласының мамандары марапатталды

10 Шілде, 2025
Талдықорғанда су саласының мамандары марапатталды
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Елімізде 9-шы шілде су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған байланысты Жетісу облысының орталығында арнайы жиын өтіп, бірқатар мамандар марапатталды.

Шаһар әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков жалпы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, олардың жұмыстарына сәттілік тілеп, біраз адамдарға қала әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Бұл жолғы құрметке ие болғандар қатарында өңірдегі өндірістік учаскенің Рашид Сайлаубеков, Назигүл Әуезханова, Асқар Асылбеков сынды азаматтары бар.

 – Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы бойынша су шаруашылығы саласында 30-ға жуық маман еңбек етеді. Олар өздерінің қажырлы еңбегінің арқасында аймақтағы 200-ге жуық шаруа қожалығының суармалы жерін сумен қамтамасыз етуде. Сонымен бірге облыс орталығындағы жасыл желектер мен аулаларды суаруға 42 млн текше метр су жеткізуде. Бұл бағытта сала мамандарының атқарып жатқан жұмыстары ауқымды. Еңбектеріңіз ел игілігі үшін елене берсін!,– деді Жеңіс Саятбекұлы.

Талдықорған қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Абзал Зейнұлданың сөзінше, су – тіршілік нәрі. Сондықтанда алқаптарға тоқтаусыз су жеткізу мәселесі бәрінен маңызды. Қазір қала аумағында жалпы ұзындығы – 130 шақырымнан асатын арық жүйесі бар. Оның 45 шақырымы темір-бетонды тоғамдар. Суармалы жерлерді сумен қамту бойынша жыл сайын көктемде өңірдегі «Қазсушар» кәсіпорнымен арнайы келісімшарт жасалады. Мамандар суармалы жерлерді қажетті сумен еш кедергісіз қамтып келеді. Осының барлығы су саласындағы қызметкерлердің еңбегінің жемісі. Оларға тек алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Айдын КӘЛІМХАН

Алдыңғы мақала

Экология жастар көзімен: Жетісуда бейнероликтер байқауы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда өңірде теңдесі жоқ газбетонды блоктар шығаратын заманауи зауыт ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.