Полиомиелит – өте жұқпалы вирустық ауру. Полиомиелит вирусы адамның жүйке жүйесінеәсер етеді және бірнеше сағат ішінде толық сал ауруын тудыруы мүмкін. Вирус адамнан адамғакөбінесе лас қолмен, сирек жағдайда ластанған су, тамақ арқылы беріледі, вирус ішекте көбейеді.
Алғашқы белгілері: қызба, шаршау, бас ауруы, құсу, мойынның қатаюы, аяқ-қолдың ауырсынуы. Вирус жұқтырған 200 адамның 1-і қайтымсыз сал ауруына ұшырайды. Ауру 5-10% жағдайда тынысалу бұлшықеттерінің салдануынан өлімге әкеледі.
Полиомиелит негізінен 5 жасқа дейінгібалаларға әсер етеді. Бірақ вакцинацияланбағанадам бұл ауруды кез-келген жаста жұқтырып алуымүмкін. Полиомиелит емделмейді, оның тек алдыналуға болады. 20 ғасырда бұл инфекция ең қауіптідеп саналды, полиомиелитке қарсы алғашқывакциналар тек 20 ғасырдың ортасында жасалды. 1988 жылы 125-тен астам эндемиялық елде 350 000 жағдай тіркелген, 1988 жылдан кейінгі кезеңдежабайы полиовирусты жұқтыру саны 99%-ғаазайды. Бүгінде адамзат тағы бір аурудытолығымен жоюға жақындады. Айта кетейік, вакцинаның арқасында 1980 жылы шешек ауруыжойылды.
ДДҰ 2019-2023 жылдарға арналғанполиомиелитті жоюды аяқтау стратегиясын 2019 жылы жариялады. Соңғы уақытқа дейінполиомиелит өткен заманның ауру деп есептелді. Әлемде жабайы полиовирус жағдайлары тіркелгенбірнеше ел ғана қалды (Ауғанстан, Пәкістан). Бірақ2020 жылы (қараша) Ауғанстанмен шекараласТәжікстанда және 2021 жылы (қараша) Украинадавакцинацияланбаған 1,5 жасар балада асқынуларыбар полиомиелит жағдайы тіркелді. 2022 жылы(қараша) Ингушетияда полиомиелиттің бірнешежағдайы анықталды.
«Қазіргі кезде біз күнделікті шетел асыпжүргендіктен, бұл ауру үшін шекара жоқ деугеболады. Сондықтан да «вакцинаны алу – аурудансақтанудың ең тиімді жолы» екенін естеншығармаңыздар! сал, ауру, денсаулық, Полиомиелитке қарсы вакцинаның бірнеше дозасыбаланың өмір бойына иммунитетінқалыптастырады. Вакцинаның 2 түрі бар: пероральды және белсенділігі жойылғанполиовакцина. 2 түрі де тиімді, қауіпсіз.Полиомиелитті толығымен жою – бүкіл адамзатүшін жаһандық қоғамдық игілік болады. Экономикалық модельдеу деректері бойыншаполиомиелитті жою кем дегенде 40-50 миллиард АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік береді»,- дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.
Ең бастысы, полиомиелит сәтті жойылғанжағдайда, бірде-бір бала полиомиелиттентуындаған сал ауруына байланысты қайғы-қасіретке ұшырамайды.










