Күкіртсутек (H₂S) – шіріген жұмыртқаның иісінеұқсас, түссіз, өте улы және қауіпті газ. Ол:
• органикалық заттардың ыдырауы кезінде;
• мұнай мен газ өндіруде;
• кәріз жүйелерінде;
• шахталарда;
• химия және целлюлоза-қағаз өнеркәсібіндепайда болады.
Күкіртсутек тыныс алу жолдары арқылы тез сіңіп, төмендегі әсерлерге әкелуі мүмкін:
• шырышты қабықтарды тітіркендіреді;
• бас айналу, жүрек айну, көз ашыту;
• жоғарғы концентрацияда есінен тану, тыныстыңтоқтауы, өлім;
• ең қауіптісі – адамның иіс сезуі жоғалады, сондықтан газды сезбей қалуы мүмкін.
Улану себептері:
• техногендік апаттар: сұйық улы заттардың төгілуі мен булануы;
• шахталарда газ бөлінуі: көмір қабаттарын өңдеу кезінде H₂S пен метанның бөлінуі;
• ққауіпсіздік ережелерін бұзу: зертханада немесе өндірісте респираторсыз жұмыс істеу;
• күкіртсутекті ванналар: артық уақыт болу немесе қышқыл мен сульфидті көп қосу;
• ойпаң жерлерде тұру: қоқыс полигоны жақын болса, газ шоғырланып, улануға әкелуі мүмкін.
Улану белгілері
Жеңіл улану:
• көзден жас ағу, тұмау;
• көздің қызаруы мен ауырсынуы;
• ауызда металл дәмі;
• жүрек айну, бас ауруы;
• мұрын-жұтқыншақтың қызаруы мен ісінуі.
Орташа улану:
• кеудеде қысылу, құсу, суық тер;
• әлсіздік, бас айналу;
• тыныс бұзылысы, жөтел, өкпе ісінуі;
• естен тану, сананың шатасуы.
Ауыр улану:
• апоплексиялық форма: кенет есінен тану, тырысу, тыныстың тоқтауы бірнеше минуттаөлім;
• тырыспалы-коматозды форма: тырысу → кома → есі кіргенде галлюцинациялар, апатия, ұйқышылдық.
Алдын алу шаралары
Ауаны бақылау
• H₂S концентрациясын газ талдағыштармен үздіксіз бақылау;
• құдықтар мен жабық кеңістікте ауа құрамынтексеру.
Желдету
• өндірістік орындарда тиімді желдету жүйелерін орнату.
Жеке қорғаныс құралдары
• «В» маркалы газқағарлар (қышқыл газдарғақарсы);
• жоғары концентрация кезінде – оқшауланғантыныс аппараттары.
Жұмысты қауіпсіз ұйымдастыру
• жалғыз жұмыс істеуге тыйым;
• жабық кеңістікке арнайы рұқсатпен кіру;
• құтқару жабдықтары мен кезекші мамандардың болуы.
Оқыту мен нұсқаулық
• қауіпсіздік бойынша тұрақты нұсқаулықтар;
• қызметкерлерді қорғаныс құралдарын пайдаланумен эвакуацияға үйрету;
• төтенше жағдайларға дайындық оқу-жаттығулары.
Күкіртсутекпен улану – адам өміріне нақты қауіп. Бірақ қауіпсіздік техникасын сақтау, заманауиқорғаныс құралдарын пайдалану жәнемамандардың дайын болуы бұл қауіптің алдыналуға мүмкіндік береді.
Самат Ахметов,
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары.