Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда балалар қауіпсіздігі мен оларды тамақтандыру мәселесіне қоғамдық бақылау жүргізілді

4 Желтоқсан, 2025
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram


Жетісу облысында орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде  балаларды тамақтандыру сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылайтын қоғамдық штаб жұмыс істейді. Осы жылдың қазан айында құрылған штабтың құрамындағы жергілікті мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалының, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер мен «AMANAT» партиясы облыстық филиалының мүшелері және белсенді азаматтар екі ай ішінде өңірдегі 416 білім мекемесіне, соның ішінде жекеменшіктегі мекемелерге де  мониторинг жүргізді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Қоғамдық бақылау туралы» Заңның аясында жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық штаб өкілдері тамақтану сапасы мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелерден бөлек, санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптардың сақталуына, температуралық режимге, іс жүргізуге, оқушыларды автобуспен тасымалдауға ерекше назар аударды. Сондай-ақ олар білім беру нысандарында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты мәселелерді де қарастырды.

Балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қатысты облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов:

— Өңірдегі 422 білім беру ұйымының барлығы бейнебақылау камераларымен толық қамтамасыз етіліп, Полиция Департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Сол сияқты барлық білім беру ұйымдарында «Дабыл түймелері» қойылып, жергілікті полиция басқармаларының кезекші бөліміне қосылды. Бүгінгі күні 296 білім беру ұйымында 518 дана турникет орнатылды. Облыс бойынша 210 білім беру ұйымы 253 штаттық бірлікте арнайы мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, — деді өз сөзінде.

Қоғамдық штаб өкілдерінің айтуынша, мониторинг қорытындылары білім беру сапасын одан әрі жүйелі түрде жақсартудың негізіне айналады.

— Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелерін қоғамдық бақылау – аталған мәселерге қатысты мәліметтерді жинақтау, талдау және бағалау ісін қамтитын кешенді жұмыс. Біздің мақсатымыз – туындаған мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу. Ал бұл ұсыныстарды іске асыру өңірде заманауи әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай мониторинг шараларын облыс көлемінде әр тоқсан сайын жүргізіп тұрамыз, — деді «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын.

Жалпы, биыл өңірде 3 мектептің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында Алакөл ауданының Достық ауылында 600 орындық, Ақсу ауданының Көлтабан ауылында 120 орындық, Панфилов ауданының Талды ауылында 300 орындық мектептер пайдалануға берілді. Тағы 4 мектептің құрылысы жалғасуда, яғни Кербұлақ ауданының Көксай ауылында, Панфилов ауданының Суптай ауылында, Текелі қаласында және Талдықорған қаласында жалпы 680 орынға арналған білім нысандары салынып жатыр, келесі жылы пайдалануға беріледі. Сол сияқты 7 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, соның 5-еуінде жөндеу жұмыстары аяқталды, ал қалған 2 мектепте құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық бітеді. Бұдан бөлек, биыл 14 мектепте, 5 балабақшада және 1 лагерьде – жалпы саны 30 білім беру нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал келесі жылы 25 мектеп, 2027 жылы тағы 25 мектеп жөндеуден өтеді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фототілшілер: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков,

сондай-ақ, фотосуреттерді «AMANAT» партиясының облыстық филиалы ұсынды

Алдыңғы мақала

Фастфудтың зияны қандай?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналармен бірлескен жоба қолға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.