Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жастардың белсенділігі көңілге қуаныш ұялатты

15 Наурыз, 2026
Жастардың белсенділігі көңілге қуаныш ұялатты
24
БӨЛІСУ
295
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Республикалық референдум күні Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында жастардың белсенділігі ерекше көзге түсті. Таңертеңнен бастап дауыс беру учаскелеріне келген жас азаматтардың қарасы көп болып, олар ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмайтынын көрсетті.

Жас буын өкілдері өз таңдауларын жасау арқылы қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамайтынын айқын аңғартты. Олардың пікірінше, референдум – тек дауыс беру ғана емес, әр азаматтың мемлекет дамуына қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды мүмкіндік. Бұл туралы бүгін БАҚ арқылы Астанадағы дауыс беру учаскелерін аралаған Өзбекстан ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаев та мәлімдеген болатын. Ол референдум комиссиясының мүшелері мен қоғамдық бақылаушылардың арасында жастардың көп болғаны қуантатынын, бұл азаматтық жауапкершілікті байқататынын жеткізген еді

Көптеген жастар дауыс беру учаскелеріне достарымен, оқу орындарының қатарластарымен немесе еңбек ұжымдарымен бірге келіп, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе алғаш рет дауыс берген жас сайлаушылар үшін бұл күн ерекше әсерлі болды. Олар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, ел өміріндегі маңызды шешімге қатысудың маңызын атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, жастардың мұндай белсенділігі қоғамдағы саяси мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Себебі мемлекет дамуының ертеңі – бүгінгі жас буынның көзқарасы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Жаркенттік жастардың референдумға белсенді қатысуы олардың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, болашаққа қатысты мәселелерге жауапкершілікпен қарайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл өз кезегінде қоғамдағы азаматтық сананың өсіп келе жатқанын айқын көрсетеді.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ,

Қазақстанның Құрметті журналисті

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Халық өз болашағына жауапкершілікпен қарады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Халықтың құқықтық сауаты жоғары

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.