Панфилов ауданында өткен республикалық референдум қоғамдық тұрақтылық пен жоғары ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Аудан аумағындағы барлық дауыс беру учаскелерінде саяси науқан сабырлы жағдайда, заң талаптарына толық сәйкес ұйымдастырылды.
Бақылаушылар мен жауапты мекемелердің мәліметінше, дауыс беру барысында қандай да бір заң бұзушылықтар немесе келеңсіз жағдайлар тіркелген жоқ. Учаскелердегі жұмыс тәртібі сақталып, тұрғындар өз таңдауларын еркін әрі ашық түрде білдіруге мүмкіндік алды.
Бұл жағдай аудан тұрғындарының құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің айтарлықтай артқанын аңғартады. Халық қоғамдық-саяси науқандарға саналы түрде қатысып, заң талаптарын құрметтеу арқылы елдегі тұрақтылық пен тәртіптің сақталуына өз үлесін қосып отырғанын көрсетті.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай саяси науқандардың тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтуі ең алдымен қоғамдағы құқықтық сауаттылықтың жоғары деңгейін білдіреді. Панфилов ауданында тұрғындар референдумның маңызын дұрыс түсініп, ешқандай арандатушылыққа немесе тәртіп бұзуға жол бермеді.

Жалпы алғанда, референдумның Панфилов өңірінде сабырлы жағдайда өтуі – халықтың саяси мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Ең бастысы, аудан тұрғындары ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын мұндай сәттерде бірлік пен жауапкершіліктің үлгісін таныта білді.
Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,
Қазақстан Заңгерлер одағының
мүшесі, заңгер, адвокат










