Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов

18 Наурыз, 2026
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов
3
БӨЛІСУ
43
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституцияның қабылдануы құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, елдігіміздің тірегі болатынын атап өтті.
«Құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, заң көмегін алу құқығына және дербес деректердің қорғалуына кепілдік беру негізгі заң деңгейінде бекітіліп отыр.
Президент атап өткендей, жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, Егемендігіміз бен Тәуелсіздігіміздің тұғыры болады.
Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті.
Бүгінде жаһан жұртының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көшбасшылығына және қабылданған Конституциямыздың прогрессивті сипатына куә болғанын көріп отырмыз.
Бұл Қазақстанның жоғары беделі мен жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін айқын білдіреді», — деп атап өтті Премьер-министр.
Сонымен қатар Үкімет Парламентпен бірлесіп, тез арада бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілерді жаңа Конституцияға сәйкес келтіруге тиіс.
«Өз кезегінде, біз  Президенттің командасы ретінде,  алдымызда тұрған мақсат-міндеттерге қол жеткізіп,  реформалардың сапасы мен  озық қарқынын қамтамасыз етуіміз керек.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында  Үкімет Парламентпен бірлесіп,  тез арада бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілерді  жаңа Конституцияға сәйкес келтіруге тиіс.
Атап айтқанда,  5 жаңа және қолданыстағы 8 конституциялық заңға,  сондай-ақ 60-тан астам заңға,  оның ішінде негізгі кодекстерге  түзетулер енгізу керек»,—  деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Премьер-министр Ата заңды жаппай басып шығаруды,  оны қолжетімді электрондық платформаларда орналастыруды,  білім беру саласы үшін әдістемелік нұсқаулар мен  оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді талап ететін  Конституцияны ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп,  бекіту қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ еліміздің жаңа Конституциясы туралы  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында жас саясаткерлердің жаңа буыны даярланады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.