Жұма, 17 Сәуір, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды

18 Наурыз, 2026
Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды
3
БӨЛІСУ
32
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін Наурызнама онкүндігіне орай Шаңырақ күні аясында Талдықорғанда 40 –тан астам тұрғын үйлі болды. Оларға жаңа пәтер кілттерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев табыстады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы кілт тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту басты міндеттердің бірі екенін атап өтті:

– Президенттің бастамасымен қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ұстанымы да сол — адамға бағытталған мемлекет құру, қарапайым азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Бұл орайда біз халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыс құрылғаннан бері тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізіп келеміз. Жалпы, Талдықорған қаласында өткен жылы 630-дан астам адам үйлі болса, жыл басынан бері 135 тұрғын жаңа қонысқа ие болды. Ал жыл соңына дейін қалада 1400-ге жуық баспана салынады деп жоспарланып отыр. Жаңа қоныстарыңыз ырыс пен берекеге толып, осы үйде өсіп-өне беріңіздер! – деді Б. Исабаев.

Атап өтсек, жаңа қоныс жетім балалар, толық емес, көп балалы отбасылар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедек жандар және басқа да әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға берілді. – Мен көп жыл кезекте тұрдым, бүгін үш бөлмелі пәтердің кілтін алдым. Енді Наурызды өз үйімізде қарсы алатын болдық. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Осы іске атсалысқан барша жанға алғысымды білдіремін, қоныс иелерінің бәрін шын жүректен құттықтаймын, молшылық, бақыт тілеймін, – деді ол.

Тағы бір қоныс иесі Артем Попов та ой қосты:

– Мен балалар үйінде тәрбиелендім. «Жетім балалар» санаты бойынша пәтер алдым. Тұрғын үй кезегінде 15 жыл тұрдым. Бізді осы қуанышқа жеткізген  барлық азаматтарға алғыс айтамын. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын, – деді ол.

Гүлдерайым Оспанова да ұлы Мадияр Мұратханның пәтерлі болғанына қуанышты:

– Ұлым 10 жыл кезекте тұрды. Сабыр сақтап, күттік, әр нәрсенің өз уақыты бар. Басқа да кезекте тұрғандар бір күні біз сияқты көптен күткен баспаналарын алады деп ойлаймын. Ұлым бочча спортынан Қазақстан чемпионы, жүзумен айналысады. Енді оның өз пәтері бар. Бұл – барлығымыз үшін Наурыз мерекесіне үлкен сый болды, – деді ол.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

 Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Алдыңғы мақала

Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті – Олжас Бектенов

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ECO KERUEN»: Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында экологиялық акция ұйымдастырылды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
798
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
795
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
759
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
658
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
631
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
550

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.