Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«ECO KERUEN»: Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында экологиялық акция ұйымдастырылды

18 Наурыз, 2026
«ECO KERUEN»: Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында экологиялық акция ұйымдастырылды
2
БӨЛІСУ
24
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан «ECO KERUEN» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара адам көп жиналатын орындарда өткізіліп, жастар мен өңір тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Акция Талдықорған қаласында бастау алды. Арнайы безендірілген эко-керуен қаланың негізгі көшелерімен өтіп, тұрғындардың назарын табиғатты қорғау және қалдықтарды дұрыс пайдалану мәселелеріне аударды. Керуеннің негізгі мақсаты тұрғындарға қалдықтарды дұрыс сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіру және қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинау арқылы табиғатты қорғау мәдениетін кеңінен насихаттау болды.

Іс-шара барысында қала тұрғындары экологиялық керуенге белсенді түрде қатысып, өз үйлері мен аулаларынан жиналған пластик, қағаз, киім-кешектерді, электронды қалдықтарды жинап, арнайы белгіленген қабылдау орындарына тапсырды. Бұл акция тұрғындардың қоршаған орта тазалығына бейжай қарамайтынын көрсетіп, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болды.

Экологиялық керуеннің қозғалысы барысында 100-ге жуық ерікті мен ұйымдастырушылар қала тұрғындарына қалдықтарды бөлек жинаудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық материалдар таратты. Сонымен қатар акция қатысушыларына қайта өңдеудің маңызы мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың тиімді жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді. Акцияға жастар ұйымдарының мүшелері, еріктілер, қала тұрғындары және экологиялық бастамаларды қолдайтын белсенді азаматтар қатысты. Қатысушылар табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосып, қаланың тазалығын сақтауға бағытталған игі іске жұмыла атсалысты.         

«Бүгінгі таңда жастардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру өте маңызды. «ECO KERUEN» акциясы – тек аумақты тазарту емес, бұл болашақта тазалық пен экологиялық мәдениет өмірдің незізгі бөлігі болып қалыптасуына қосылатын үлес. Әрбір қатысушы өз мысалында табиғатқа қамқорлық жасау әркімнің жеке жауапкершілігінен басталатынын көрсетеді»,- деп атап өтті «Қазақстан студенттері альянсы» Омбудсмені  Ақерке Қызайбай.

Мұндай бастамаларды іске асыру белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға, табиғатты сақтау үшін ортақ жауапкершілік сезімін нығайтуға және қоғамда экологиялық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді.

Алдыңғы мақала

Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлттық киім күні: Жетісуда Наурызға арналған көрме мен фестиваль өткізіліп, арнайы фотоаймақ ұйымдастырылды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.