Балық шаруашылығы – бұл жай ғана балық аулау емес. Бұл – заманауи, технологиялық және экологиялық тұрғыдан маңызды сала, онда бүгінде 12 мыңнан астам қазақстандық еңбек етуде. Сол мамандардың еңбегінің арқасында отандық балық өнімдері ішкі нарықта ғана емес, шетелде де жоғары сұранысқа ие бола бастады.
Мемлекет бұл бағытқа барған сайын көбірек көңіл бөлуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аквакультура мәселелерін реттейтін заң қабылданып, бұл бүкіл саланың жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналды. Нәтижелер көз алдымызда: балық шаруашылықтарының саны үш есеге артты, өндіріс көлемі шамамен үш есе өсті, ал экспорт бүгінде 21 елді қамтып отыр.
Мұның барлығы – жүйелі көзқарастың, инвестициялардың және ең бастысы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, табиғи ресурстарды сақтауға үлес қосып жүрген мыңдаған маманның қажырлы еңбегінің жемісі. Осы маңызды кәсіпке үлес қосып жүрген барша азаматтарды шын жүректен құттықтаймын. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, сала қарқынды дами берсін!
ВЕНЕРА ЕНСЕЕВА,
Старший преподаватель Жетысуского университета имени И. Жансугурова










