Астана қаласында Жетісу облысының мәдениеті, ұлттық мұрасы, қолөнері, ауыл шаруашылығы және заманауи креативті индустриясы тоғысқан ерекше жәрмеңке өтеді!

Жәрмеңке аясында сіздерді:
Жетісу өңірінің табиғи және географиялық ерекшеліктерін таныстыратын Welcome Zone;
Ұлттық қолөнер мен заманауи этнодизайн өнімдері ұсынылатын Қолөнер залы;
Жетісудың ауыл шаруашылығы өнімдері, голограммада тұлғалардың бейнелері, жергілікті өндірушілердің өнімдері таныстырылатын QAZYNA HALL;
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарынан құралған Ұлттық аспаптар әлемі;
NOMAD ART HALL – театрландырылған қойылымдар, «JETSІU CREATIVE» бейнеролигі және NOMAD STYLE SHOW;
Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдары, ат әбзелдері, ағаш және сүйек бұйымдары ұсынылатын ETHNO VILLAGE;
Заманауи дизайнерлердің ұлттық нақыштағы авторлық топтамалары ұсынылатын Ұлттық киім галереясы күтеді.

Астана қаласы, Жошы хан 16/2
15–16 тамыз 2026 жыл
Жетісудың дәстүрі мен заманауи креативі, ұлттық мұрасы мен жаңа идеялары бір кеңістікте тоғысатын жәрмеңкеге шақырамыз!










