Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Таң сәріден бастап ел азаматтары сайлау учаскелеріне барып, өз азаматтық таңдауын жасауда.
Керімағаш ауылының тұрғындары да сайлау учаскесіне бірге келіп, дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасады. Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы жылдары Керімағаш ауылында бірқатар оң өзгерістер жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған жаңа (ФАП) салынуы – ауыл тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысанның бірі.
Сонымен қатар, Керімағаш ауылының тұрғындары ауылдың жеті жылдан бері алкогольсіз ауыл ретінде қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Олардың пікірінше, бұл бастама ауылдағы қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтауға, сондай-ақ жастардың тәрбиесіне оң ықпал етеді.
Ауыл тұрғындары «Заң және тәртіп» қағидатын қолдайтынын білдіріп, елді мекендегі оң өзгерістерге ризашылықтарын жеткізді.
«Ауылымыздың жылдан-жылға көркейіп, өзгеріп келе жатқанын көріп отырмыз. Мұндай игі бастамалар бізге ертеңгі күнге сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Әр азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан елдің болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық таңдауымызды жасауымыз қажет», – дейді Керімағаш ауылының тұрғындары.
Керімағаш ауылының тұрғындары барша азаматтарды сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.










