Сәрсенбі, 7 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні

24 Қыркүйек, 2026
Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

1
БӨЛІСУ
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Президент Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты 25 қыркүйекті «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп жариялады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды», — делінген Жарлықта.

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 сарбаз суға кеткен.

«Қайғылы оқиға Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа-райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты болған», — деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігі.

Үкіметтік комиссия таратқан ресми мәлімет бойынша:

Оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 әскери қызметші суға кеткен. Олардың 12-сі қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Қазіргі таңда тағы екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді қажетті барлық күштер мен құралдарды тарта отырып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Осыдан соң Үкіметтік комиссия құрылып, алдын ала қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Ал Үкіметтік комиссияны Қанат Бозымбаев басқаратын болып, оның құрамына бейінді министрліктердің, Маңғыстау облысының, әскери прокуратураның және Шекара қызметінің өкілдері кірген.

22 қыркүйекте Каспийде 500-ден астам әскери қызметшінің қатысуымен «Хазар қорғаны-2026» жаттығулары өтіп жатқан.

Әскери қызметшілердің ата-аналары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Әскери борышын өтеу кезінде азаматтардың қаза болуы — орны толмас ауыр қаза. Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына осы ауыр сәтте сабыр мен күш-жігер тілейміз. Қаза болғандардың жандары жәннатта, топырақтары торқа болсын.

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Жетісуда коммуналдық саланы жаңғыртуға 43 млрд теңге бағытталады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қорғаныс министрлігі қаралы тізімді жариялады…

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
830
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
808
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
650
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
575

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.