Жексенбі, 2 Сәуір, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ағылшын тілі – әлемдік тіл

31 Қазан, 2022
Ағылшын тілі – әлемдік тіл
2
БӨЛІСУ
28
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«Болашақтың кілті – білімді ұрпақтың қолында» екенін ескерсек жас буынды әу бастан білім беріп қинаған жөн бе деймін… Қазақта «Балаңды аясаң, аяма» деген жақсы сөз бар. Шын жүрегімен ұстаздық жолды таңдаған әр жан алдындағы шәкіртін туған баласынан кем көрмесі анық. Сондықтан да сол балаларымыздың жарқын болашағы үшін бүгінгі берген біліміміздің нәтижесін ертеңгі күні бірден талап етіп, сол балалардан жақсы тұлға қалыптастыра білсек – еңбегіміздің жанғаны. Бір ойшыл «Қинайтын мұғалім мен қимайтын оқушыны жақсы көремін» деп айтқан екен. Бұл жерде қинау дегеніміз қатігездік емес. Білім берген шәкіртінен жақсы нәтиже көргісі келетін мұғалім талапшыл болатыны белгілі ғой…

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген бар. Осы орайда қазақ балаларының ағылшын тілін жетік меңгергенін, кез келген мәселеге әлемдік көзқараспен қарай алғанын жаныммен қалаймын. Ағылшын тілі – БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналатын, әлемдегі ең көп тараған жаһандық тіл. АҚШ, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа мемлекеттерде ана тілі болып есептелетін ағылшын тілі тағы басқа көптеген елдерде ресми тіл болып табылады. Алты құрлыққа кеңінен тараған  аталмыш тілде бүгінгі таңда 400 миллионнан астам адам сөйлейді екен. Сондықтан да бүгінгідей жаһандану дәуірінде көп тіл білетін адамның қоғамнан алар орны ерекше. Тіл үйренудің жалпы ешкімге ешқандай зияны жоқ қой, керісінше пайдасы ұшан-теңіз дер едім.

Тіл білімі жөнінен еліміздегі барлық мектептерде әуелі қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып, екінші орынға міндетті түрде ағылшын тілін жетілдіру жолға қойылса нұр үстіне нұр болар еді. Кей өңірлерде орыс тілі, ағылшын тілінің 1-сыныптан бастап оқытылуына қарсы болған ата-аналар да кездесті. Десе де, мектептегі орыс тілі мен ағылшыннан қорыған ата-аналар балаларының үйде смартфоннан орысша, ағылшынша анимация, мультфильмдерден бас алмайтынын білер ме екен. Шындығы сол.

«Болашақта телефон, компьютер ойындарын ойнаған балаларды кітап оқыған балалар басқарады» дегенді естуіңіз бар ма? Ол рас. Мен үнемі өз балаларымнан талап еткен дүниені, сынып жетекші ретінде оқушыларыммен де бөлісе отырып, ата-аналарға да түсінік жұмыстарын жүргізуге тырысамын. Қазақ балалары ауылда қалып қалмай, көптеген тілдерді меңгеріп, биіктерден көрінгенін, ел аралап, жер көріп жүргендерін қалаймын. Сондықтан да қызықтыру, я талап ету жолдарымен болса да саналарына ағылшын тілінің ең болмағанда негізін қалыптастыруды өзіме міндет етіп алғанмын.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, ағылшын тілі – ол халықаралық тіл, ол байланыс құралы, заман талабына сай кеңінен қолданылатын, жаһандық экономикадағы тіл. Ағылшын тілінің біздің заманымызда алар орны айрықша. Сондықтан, заман ағымынан қалыспай ағылшын тілін үйренейік.

Тоғжан ҚАСҚАРБАЕВА

Алдыңғы мақала

Дені сау ұрпақ – ұлттың қорғаушысы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жындарға дастарқан жайғызған Мәшһүр Жүсіп әулие

Пікірлер 1

  1. Ақбөпе Султанғағы says:
    5 месяцев бұрын

    Мен ағылшын тілі пәні мұғалімімін, полиглот болу көп тілде сөйлей алу дұрыс деп есептеймін. Тілді меңгеру үйрену сол тілде сөйлей алу артық етпейді

    Ответить

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
694
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
683
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
487
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
471
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
375
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
373
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
279
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
268
«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

«Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз»

26 Наурыз, 2023
249

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.