Жексенбі, 18 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

АДАМ САУДАСЫ – ЕЖЕЛГІ ҚҰЛДЫҚТЫҢ ҚАЛДЫҒЫ

13 Желтоқсан, 2024
АДАМ САУДАСЫ – ЕЖЕЛГІ ҚҰЛДЫҚТЫҢ ҚАЛДЫҒЫ
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Адам саудасы – ежелгі құлдықтың зиянды қалдығы, азаматтардың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсандағы №217 А (III) резолюциясымен қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясымен» һәм Конституциямызбен қарастырылған құқықтары мен бостандықтарына, мемлекетіміздің заңдарына қарсы жасалатын аса қауіпті қылмыс һәм заңсыз кәсіпкерлікпен айналысудың бір түрі болып есептеледі. Аталған Декларацияның 4-бабында: «Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуға тиісті емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тиым салынады», – деп атап көрсетілген қағида әлемнің БҰҰ мүше мемлекеттері үшін міндетті болып табылады. Конституциямыздың 1-бабында қарастырылған мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығы да осы қағидадан туындайтыны ақиқат.

Адам саудасының мақсаты – мәжбүрлі еңбекке тарту, жыныстық қанау, транспланттау үшін ағзалар мен тіндерді алып қою, заңсыз асырап алу және басқа қызметтер көрсету болып табылады. Осы қылмыстық әрекеттер салдарынан әйелдер, балалар тіпті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға физикалық, психологиялық зияндар келтіріледі.

Адам саудасының құрбаны болатындардың санатына әлеуметтік осал топтағы азаматтар, яғни жеке басын куәландыратын құжаты жоқтар, жұмыссыздар, заңсыз мигранттар, үйсіздер, балалар үйлерінен шыққан тәрбиеленушілер және мүмкіндігі шектеулі жандар жатады.

Еліміздегі еңбек құлдығына мәжбүрлі жегілгендердің басым бөлігі шаруа қожалықтарынан және өзге де кәсіпкерлік нысандарынан табылып жатқандығын құзырлы органдардың деректері айғақтап отыр. Құлдықтың алдын алу мақсатында ІІМ өзге мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен жоғарыда аталған шаруашылық жүргізуші субьектілердің нысандарына бірлескен рейдтер жүргізу ісі қолға алынып отырғандығын бүкіл қоғам қолдап отыр.

Азаматтарды құлдыққа жеккен қылмыскер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 128-бабына сәйкес он екі жылдан он бес жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуға жазаланады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 5 шілдедегі «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңы 2024 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді.  Заң аясында Қылмыстық кодекске қылмыстардың жаңа санаты – адам саудасына байланысты қылмыстар енгізіледі және «сексульдық сипаттағы өзге де қызметтер» деген жаңа ұғым енгізіліп, ол бойынша қылмыстық жауапкершілік шарасы қарастырылмақ.

Атап айтқанда:

— адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту, сол сияқты осы мақсаттар үшін жеңгетай болу;

— осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатта жезөкшелікті, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді насихаттау және (немесе) жарнамалау;

— телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернетті пайдалану арқылы жезөкшелікпен айналысу, сексуальдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау Қазақстан Республикасы ҚК-нің 134, 308, 309 және ҚР ӘҚБтК-нің                     450-баптары бойынша ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылады. Заң адам саудасының құрбаны болмауы үшін азаматтардың:

— жеке басына қатысты құжттарды ешкімге сеніп тапсырмаулары керек;

— шетелде оқу, жұмыс немесе некелесу туралы кездейсоқ немесе таныс адамдардың кез келген ұсыныстарын мүлде қабылдамаулары керек;

— шетелде жұмыс ұсынатын агенттіктің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген заңды лицензиясының барлығына және оның заңдылығына  нақты көз жеткізуі керек;

— жұмысқа орналасу барысында міндетті түрде жұмыс берушімен еңбек шартын жасасып, жақындарына жұмыс берушінің толық сауалнамалық деректері мен байланыстарын, сондай-ақ жұмыс орнының орналасқан жері туралы мәліметтерді міндетті түрден хабарлауы керек;

— күмәнді, бейтаныс адамдардың алдауына түспеуі және олардан қарыз алмауы керек, ал қарыз алған жағдайда қарызды беру мен алу шарттарына бірден келісім жасап алуы керек.

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз адам  саудасының құрбаны болған жағдайда прокуратура немесе полиция органдарына бірден хабарласуыңыз керектігін жадыңызда сақтағаныңыз абзал.

Қорыта айтқанда, азаматтарымыздың адам саудасына түсіп, құлдықтың немесе өзгедей әрекеттің құрбаны болып, арсыздың жемтігіне айналмауының алдын алу үшін билік пен құзырлы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан халықтың құқықтық сауатын арттырудың да маңызы зор.

Айдар ИСАЕВ,

Жаркент қаласының әкімі

Алдыңғы мақала

Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Внедрение новых методов работы: цифровой аудит»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
658
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
645
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.