Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Адам құқығының сенімді қорғанышы

20 Желтоқсан, 2024
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әрбір азаматтың білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Сонымен бірге басты заңымыздың 16-бабында: «Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы», ал «Адвокаттық қызмет туралы» заңның 31-бабында: адвокат азаматтардың құқығы мен бостандығын сот алдында қорғап қана қоймай, тараптардың мәселені татуласу арқылы шешілуіне әрекет етуі керектігі көрсетілген.

Адвокаттардың адам құқықтары мен бостандығын қорғаудағы айрыққа еңбегін орынды бағалай білген мемлекет басшысы 2021 жылғы 25 ақпанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында: «Құқықтық мемлекет құру тәуелсіз және білікті адвокаттарсыз мүмкін емес. Мемлекеттік аппараттың жұмысы, тәуелсіз, кәсіби заңгерлердің азаматтар мен заңды тұлғаларды қорғаудың нәтижесінде өз жемісін беретіні хақ және олардың көмегімен кәсіпкерлер мен инвесторлар өз қызметтерін жандандыруға ұмтылатыны сөзсіз. Сондықтан біздің елімізде адвокатураның ролі жоғары болуы шарт» деп атап көрсеткенін Президентіміздің тарапынан адвокаттарға білдірілген зор сенім деп есептеймін.

Панфилов ауданында жоғары білімді,  кәсіби біліктілігі мен жауапкершілік сезімдері жоғары адвокаттар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша процестерге белсенді түрде қатысып, соттың заңды және әділетті шешім қабылдауына өз құзыреттері шегінде ықпал етумен бірге азаматтарға ауызша немесе жазбаша түрде кеңестер беріп, меншік түріне қарамастан түрлі мекемелер мен ұйымдарға азаматтардың атынан арыздар жолдауға қолдарынан келген бар  көмегін аямауда.

2023 жылы 3 шілдеде Астана қаласында өткен форумда мемлекетімізде адвокатураның қызметін одан әрі дамытуға арналған арнайы бағдарлама қабылданып,  5 желтоқсан күнін «Адвокаттар күні» кәсіби мереке күні ретінде белгілеу ұсынылып, биыл елімізде аталған мереке осымен екінші мәрте аталып өтуде.

Жетісу облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Дәнипа Әділбекова адвокатураның азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудағы ролін көтеруге бағытталған ұйымдастырушылық шараларды іскерлікпен һәм жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асыруының нәтижесінде адвокаттар ұжымының жұмысы жаңа сапалық жоғары деңгейге көтерілді. Сонымен бірге білікті басшының ұйымдастыруымен тұрақты түрде Талдықорған қаласындағы мүгедектер үйіне қайырымдылық көмегі көрсетіліп келе жатқанын бүкіл елімізге үлгі десек болады.

 Ләззат СӘРСЕБЕКОВА,

адвокат

Алдыңғы мақала

Салық төлеу азаматтық борыш әрі міндет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
712
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.