Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Адами капитал – ел дамуының тірегі

5 Қыркүйек, 2025
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов «Адами капитал – ел дамуының негізі» тақырыбында брифинг өткізіп, өңірдегі жүзеге асырылып жатқан жобалар мен атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, оның ішінде адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай облыста арнайы жоспар қабылданып, 6 бағыт бойынша 71 іс-шара белгіленген.

Облыс экономикасының негізгі салалары – ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, энергетика және жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ туризм индустриясы – терең талданды. Соның негізінде «Өңірлік жаңа мамандықтар атласы» әзірленіп, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер тізімі жасалды. Нәтижесінде 11 колледжде 14 жаңа мамандық ашылып, кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік туды.

Студенттерге қолайлы жағдай жасау да назардан тыс қалған жоқ. Биыл бір колледжге күрделі, төрт колледжге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазан айынан бастап 1300-ден астам студент жаңартылған оқу ғимараттарында білім алады.

Сонымен қатар дуалды оқыту жүйесі қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда облыстың 14 колледжінде 3300-ге жуық студент өндірістік тәжірибеден өтуде. Мәселен, Ақсу қант зауытына қажетті мамандарды даярлау үшін Ақсу агротехникалық колледжінде арнайы «Қант өндірісі» бағыты ашылды. Бүгінде 82 кәсіпорынның тапсырысы бойынша 926 студент 27 мамандықта мақсатты түрде оқытылып жатыр.

Осылай жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар туралы айтқан Диас Рахметұлы Талдықорғанда халықаралық стандарттарға сай «Zhetysu Skills» орталығының құрылысы басталғанын да жеткізді. Бұл орталықта студенттер заманауи құрал-жабдықтарды меңгеріп, кәсіби біліктіліктерін шыңдайды. Мұнда 12 бағыт бойынша халықаралық және республикалық кәсіби чемпионаттарға дайындық жүргізіледі. Ал жыл соңында «Worldskills Kazakhstan – 2025» ұлттық чемпионатына 23 жетісулық жас қатысады деп күтілуде.

Адами капиталды арттыруда мектептердің де орны бөлек. Президент тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық бағдарламасы аясында Жетісу облысында екі жаңа білім ордасы бой көтеріп, өткен жылы Панфилов ауданында 1200 орынды мектеп пайдалануға берілсе, биыл Алакөл ауданында 600 орынды тағы бір жаңа мектеп ашылмақ. Осыған орай сөз барысында:

– Адами капитал – ел дамуының негізгі тірегі. Сондықтан Президентіміз ұсынған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты Жетісу өңірінде нақты істермен жүзеге асырылып келеді, – деді Диас Рахметұлы.

Облыс әкімінің орынбасары айтқан ақпаратқа сүйенсек, «1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу» тапсырмасына сәйкес, өңірде 4 мектеп жаңартылып, тағы 3 білім ошағы жыл соңына дейін жөндеуден өтеді. Нәтижесінде 4600 бала заманауи үлгіде жабдықталған мектепте оқу жоспарлануда.

Мектептерде пәндік кабинеттер, спорт залдары, кітапханалар жаңартылып, қауіпсіздік жүйелері күшейтіліп жатыр. Ал бастауыш сынып оқушыларының тегін тамақтануын тиімді бақылау үшін биыл 100 мектеп «Әлеуметтік әмиян» жүйесіне қосылды. Face ID технологиясы арқылы әр баланың мектепке кірген уақыты мен асханада тамақтануы қадағаланады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр. Соған сәйкес бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізіліп, спорт мектептерін дамытуға және ауылдық жерлерде жаңа нысандар салуға қаржы бағытталды. Соңғы үш жылда облыста 32 жаңа спорт кешені ашылды.

Бүгінде Жетісу тұрғындарының 42 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің үлесі 27,5 пайызға жеткен. Сондай-ақ ұлттық құрама сапындағы жетісулық 200-ге жуық спортшы ай сайын 70 мыңнан 500 мың теңгеге дейін стипендия алады.

Спорттан бөлек, облыста жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға да баса назар аударуда. Жергілікті телеарналар мен баспасөз беттерінде еңбек адамдарының еңбегі кеңінен насихатталуда. Бұл жастардың қызығушылығын арттырып, бүгінде 500-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.

Ең қызығы, студенттердің тәжірибесін шыңдауға бағытталған бастамалар да қолға алынған. Мәселен, Алакөл ауданындағы Тоқжайлау көпсалалы колледжі студенттері 4 гектар жерге 1700 түп алма ағашын отырғызып, «Тоқсаябақ» жеміс бағын құрды. Бұл бастама жас ұрпақтың аграрлық саладағы дағдыларын дамытуға зор үлес қосып отыр.

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елімізде жаңа министрлік құрылатын болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.3k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
929
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
770
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.