Жұма, 20 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

АЭС – өнеркәсіпті дамыту мен жұмыс орындарын құру кепілі

2 Қазан, 2024
АЭС – өнеркәсіпті дамыту мен жұмыс орындарын құру кепілі
2
БӨЛІСУ
27
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері электр желісін тартуға арналған темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын шығаратын «Темірбетон» ЖШС зауытына барып, құрылыс саласының өкілдерімен кездесті.

Құрылысшылардың АЭС-ке дауыс беруі – бұл маңызды мемлекеттік жобаны қолдау ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби қызметі мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға тікелей үлес қосуы. Мәселен, станцияны салу үшін мыңдаған білікті жұмысшылар мен құрылыс мамандары қажет болады. Сонымен қатар, АЭС жобасын жүзеге асыру арқылы тек атом станциясының құрылысы ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар ілеспе инфрақұрылым: кірме жолдар, қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері де қоса салынады. Яғни, «Темірбетон» ЖШС сияқты кәсіпорындар бірнеше жыл түрлі тапсырысқа ие болады.

Еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев атом энергетикасын дамыту мен атом электр станциясын салудың Қазақстан үшін қандай стратегиялық маңызы бар екеніне тоқталды. Электр энергия тұтыну көлемінің артуы – әлемдік тренд. Бүгінде елімізде электр энергия тапшылығы жылына шамамен 2,5 млрд кВт/сағатты құрайды. Қазірдің өзінде біз жыл сайын шамамен 4-5 млрд кВт/сағ электр энергия импорттаймыз. Осыған байланысты электр көздерін әртараптандыру маңызды.

Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Қазақстанда АЭС салуға қажет ғылыми-техникалық база бар екенін айтты. Атап айтқанда, Алматының орталығында 60 жыл бойы қуаты аз реактор сәтті жұмыс істеуде, онда 700-ден астам адам еңбек етеді. Осылайша, біздің елімізде бейбіт атомды пайдалану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мол тәжірибе жиналды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, АЭС ірі өнеркәсіптік өндірістердің қажетін толық жабады. Зауыт қызметкерлері, құрылыс саласының өкілдері бейбіт атомды пайдалануды бірауыздан қолдады.

Мәтін және фото «Amanat» партиясына тиесілі

Алдыңғы мақала

Жетісу жастары АЭС құрылысына дауыс беруге ниетті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Шекарашылар қарияға құрмет көрсетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
717
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.