«Айсұлу» тігін фабрикасының 70 қызметкері ұжым болып дауыс берді. Талдықорғандағы №402 референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп жатқан адамдардың қарасы көп.
Солардың қатарында белсенділік танытып, дауыс беруге ұжыммен ұйымдаса келген мекемелер де болды. Солардың бірі «Айсұлу» ЖШС тігін фабрикасының ұжымы.
Қазіргі уақытта фабрикада жұмыс қызу, алайда қауырт жұмысқа қарамастан ел ертеңі үшін таңдау жасау барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білетін ұжым, дауыс беру учаскесіне ұжыммен келіп, өз таңдауларын жасады.
Айта кетейік, жалпы халықтық референдумда қаламыздың барлық кәсіпорын ұжымдары да дауыс беріп, таңдауларын жасауда.
Қажет Андас