Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Алакөл жағалауында су көліктерін пайдалану қағидаларын бұзғандарға қатаң шара қолданылуда

5 Тамыз, 2026
Алакөл жағалауында су көліктерін пайдалану қағидаларын бұзғандарға қатаң шара қолданылуда
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісудағы Алакөл жағалауында жазғы маусым басталғаны бері шағын көлемді кемелерді пайдалану ережесі талаптарын бұзған азаматтарға қатысты 109 әкімшілік жаза қолданылды. Бұл қабылданған шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Биылғы жылдың 15 мамырынан бері ТЖД қызметкерлері басқа да жауапты органдармен бірлесіп 90 күндізгі және 62 түнгі рейд ұйымдастырылды. Су көліктерін тексеру өкілеттігі берілген сәттен бастап шағын кемелерді пайдалану талаптарын бұзу фактісі қатысты 109 хаттама толтырылып, 1 млн 654 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Атап айтқанда, кеменің борт нөмірлерінің болмауы, белгіленген шамадан тыс артық жолаушы алып жүру, өзінің құжаты жоқ немесе кеме билеті жоқ болған жағдайлар, навигациялық белгілер талаптарын сақтамау, құтқару жилетінің болмауы сияқты заңбұзушылықтарға шара қолданылды. Шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік талаптарын бұзған тұлғаларға заңнамаға сәйкес қатаң әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады, – деді Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қанат Алтынбеков.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері тарапынан жағалауда жүргізілген құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатындағы рейдтік шаралары барысында 1755 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды, 3,5 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Соның ішінде ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, абаттандыру қағидаларын бұзу, жолда жүру ережелерін бұзу фактілері бар.

Бұл ретте Алакөл көлінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағалау аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бұл жұмыстарға 14 құтқарушы, 11 моторлы қайық жұмылдырылған. Оған қоса қосымша облыстық ТЖД мамандары алдын алу шараларына тұрақты түрде тартылуда. Сонымен қатар биылғы шомылу маусымында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 50 полиция қызметкері, 16 қызметтік автокөлік және 5 ұшқышсыз дрон тартылған. Сондай-ақ, су көліктеріне арналған айып тұрағы бар.

Сонымен қатар жағалау бойында 40 құтқару мұнарасы орнатылып, 13 шақырымға буй сызықтары тартылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті полияның Жедел басқару жүйесіне қосылған 39 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.

Еске салсақ, өткен жылы Алакөлдегі шағын жүзу құралдарының қозғалысын реттеу мақсатында Жетісу облысында ортақ су пайдалану және су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бекітілді. Аталған қағидаларда су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндірілді, оларды сақтамағаны үшін жауапкершілік белгіленді.

Жүргізіліп жатқан профилактикалық және бақылау-қадағалау жұмыстары азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ шомылу маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетуге бағытталған.

Алдыңғы мақала

Алакөлде заң бұзғандарға 150 мың теңге айыппұл салынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Есірткі есіртпесін

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.