Жексенбі, 18 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесті

13 Мамыр, 2024
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесті
1
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бұл қадам қалыптасқан экономикалық байланыстарды нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеудің маңызды буыны болып табылады.
Талқылаудың өзекті аспектілерінің бірі Алматы облысы мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын кеңейту мәселесі болды.

Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде «Қалжат» және «Нарынқол» өткізу бекеттерін дамыту екі ел арасындағы тауар айналымын нығайтып, оны арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

«Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар және қызмет алмасуды арттырудың әлеуеті зор. Сауданы кеңейту экономиканы әртараптандыруға және өсу мен дамудың жаңа мүмкіндіктерін жасауға ықпал етеді», – деді Марат Сұлтанғазиев. Облыс әкімі бүгінге дейін өңірде қытайлық инвесторлардың қатысуымен бірқатар жобалар жүзеге асырылғанын қосты.

«Kelun-Kazpharm» ЖШС фармацевтикалық зауытының өндірісі іске қосылды және «Энергия Семиречья» ЖШС жаңартылатын энергия көздерін өндіру жобасы жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту аясында «Жібек жолы» ЖШС тамшылатып суару жүйесіне арналған жиынтықтауыштар, малға арналған азық-түлік қоспаларын өндіру үшін дәнді дақылдарды қайта өңдеу өндірісін жолға қойды. Сондай-ақ, су үнемдеу технологияларын, рельсті бекітпелер мен талшықты цемент плиталарын шығаратын зауыттардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұл жобалар екі тараптың экономикалық даму мәселелеріндегі өзара табысты іс-қимылын көрсетеді.

«Қытайдан келген инвесторлармен өзара іс-қимыл облыстың экономикалық дамуы үшін маңызды болып тұр. Бұл жобалар өңірдегі өндірістің сан алуандығына ықпал етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканы ынталандырады. Сонымен қатар, мұндай инвестициялар көбінесе жұмыс күшінің біліктілігін арттыратын және жалпы саланың дамуына ықпал ететін технологиялар мен білім трансфертін қамтиды. Қытаймен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі жаңа инвестициялар тартуға және өңір экономикасының басқа да секторларын дамытуға үлгі бола алады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде өңірде Қытайдан келген кәсіпкерлердің қатысуымен экономиканың түрлі салаларында ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Мысалы «Gezhouba Cement Company» Ltd цемент зауытының құрылысын бастау жоспарланып отырғанын, вольфрам кен орындарын игеру және «Жетысу Вольфрамы» ЖШС тау-кен байыту комбинатының құрылысы, «QazMetProduct» ЖШС дайын стальді сым өндірісі және т.б.

Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасының қатысуымен 11 перспективалық жобаны жүзеге асыру қарастырылуда, олардың ішінде ең ірілерінің қатарында «ТВЕА» компаниясының трансформатор зауытының құрылысы, суару жүйелерін өндіруді іске қосу және «Yulin irrigation» компаниясының тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру зауытын салу.

Жиын соңында Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы шетелдік инвесторлар үшін тартымды өңір екенін баса айтты. 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қытай Халық Республикасының өкілдерімен 200-ден астам іскерлік кездесулер өткізілді.

Инвесторлар тарапынан қызығушылықтың артуы аймақтың экономикалық тұрақтылығы мен жоғары инвестициялық әлеуетін көрсетеді.

Ағымдағы жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша, Алматы облысының инвестициялық қоржыны жалпы сомасы 3,4 трлн. теңгені құрады, оның ішінде Қытай Халық Республикасының кәсіпкерлерімен бірлесіп жалпы сомасы 268 млрд теңгеден астам 10 жоба жүзеге асырылуда.

Алдыңғы мақала

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматы облысы туризмге бәс тігуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
658
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
645
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.