Жұма, 24 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Арқастау – атамекенім

 Тоқсаныншы жылдардың аяқ шенінде ауданымызға Қазақстан тарихшылар Қауымдастығының төрағасы, тарих ғылымының докторы, профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы өзінің шәкірттерімен келіп, кездесу жасады.

11 Сәуір, 2022
Арқастау – атамекенім
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ғалым сөзінде, «Қазақтың тарихы ақсүйек хандар мен оның айналасындағылардың, ел билеуші атқамінерлердің айтуымен ғана жасалған. Қарапайым халықтың пікірімен санасқан ешкім жоқ. Сондықтан біздің тарихымыз шынайы, әділ жазылған деп айта алмаймыз» деді. Осы сөзі біздің көкеймізден шықты. Кездесуде мен де көптен өзегімді өртеп, ішімді күйдіріп жүрген ойларымды ортаға салдым.

— Жаркент қаласының желкесінде, төбесі көк тіреп, ақша бұлттар иегінің астында қалықтаған заңғар тауымызды ықылым заманнан Арқас Алатауы деп атайды. Ал, дүние жүзінің физикалық картасында Жоңғар Алатауы деп жазылған.

Ғұлама Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп тұқианнан өзіме шейін» атты кітабының көп жерінде қайталап Арқас Алатауы деп көрсетеді. Мысалы: «Қалмақтар Іленің төменгі ағысына бармады да, Лабас пен Арқастың, Шуас пен Таластың баурайындағы елді шапты…» (220 бет) дейді. Аталмыш кітәптан мұндай мысалды көптеп келтіруге болады. Қазақ жерінде Шымбас, Талас, Шуас, Лабас (Ілебасы), Арқас деп аталатын Бес Алатауының бірі осы Арқас Алатауы. Кітапты оқыған адам ғұламаның осы тауды айтып отырғанын жазбай таниды. Ал, Лабасы деген ұғым, Ілебасы дегеннен шыққан дейтін нұсқасы тағы бар.

Арқас тауы батыр бабамыздың атымен аталған екен. Қазыбек бек Тауасарұлы Арқас бабамызға дейінгі шежірені былай таратады: Суанның Бай, Дай деген екі баласы болады. Бай шынымен атына сай өте бай болған да, Байсуан аталған. Бағай батыр осы Байсуанның тұқымынан болады. Одан-Шоқай бөрі, одан-Томық, одан-Сарық, одан-Өрдін, одан-Омахан, одан-Орынхан, одан-Қармақ, одан-Шор, одан-Қолуқ, одан-Бармақ, одан-Момбай, одан-Оғанбек, одан-Құра, одан-Таңғұт, одан-Ғауыт, одан-Ертөбе, одан-Берікбай, одан-Құрым, одан-Шоғыл, одан-Мақатай, одан-Нау, одан-Түбіт, одан-Майлы, одан-Ақтай, одан-Арқалды, одан-Нақ, одан-Текес, одан-Арқас.

Арқастың Қанбағыс, Досбағыс, Тоқарыстан, Бекарыстан деген төрт ұлы болған. Бекарыстаннан – Бәйтүгей, одан Елтінді, Жылгелді деген екі бала туады…( «Түп- тұқияннан өзіме шейін» 357-358 беттер).

Міне, Арқас бабамыз Бәйтүгейдің атасы болса, Тоқарыстанның әкесі екен. Жаркент өңірін мекендеген суандардың түп тұқияны.

Бұл тау қазақ жеріне жоңғарлар шапқыншылық жасамай тұрып Арқастың атымен аталған.

Ал, енді жоңғар аталуына келсек – осы таудың шығыс жағында жау басып алған жеріне Жоңғар мемлекеті орнап, кейін жойылып кеткені тарихқа мәлім. Шоқан Қашқар сапарына осы Жібек жолы бойымен жүріп, Ақкент елдімекеніне түстеніп өткенін өзі жазып кеткен. Саяхатшы жергілікті елмен, оның ішінде бәлен дегендермен әңгімелестім деп ешнәрсе жазбаған. Біздің шамалауымызша – Шоқан бұл сапарда басқаның атымен жасырын жүргендіктен, дәл қытаймен іргелес отырған елде, жергілікті тұрғындармен пікірлесуге мүмкіндігі болмаған сияқты. Тарихқа белгілі жоңғар мемлекеті өмір сүрген тауды, өзінің қолжазбасында Жоңғар Алатауы деп көрсетіп жіберген. Орыс достары сол жазбасы бойынша Шоқан жүрген жерлердің картасына ғалым өзі көрсеткендей Жоңғар Алатауы деп түсірген.

Міне, жоғарыдағы Мәмбет Құлжабайұлының сөзіне бір дәлел.

Өйтпегенде, сол жоңғарлардан көрмеген азапты көріп, қанша арысын құрбан етіп, қаны өзен боп ағып, көл болып тұнған ел, өлсе де тауының атын жауының атымен атар ма еді?!

Ақ бас шыңы бейне алып ақ отау,

Бір өзіңе жетпейді ғой бар атау.

Мақтанышым, сағынышым – бәрі сен,

Арқас бабам атындағы Алатау.

«Жоңғар» емес – Арқас Алатауымсың,

«Жоңғар» десе, келеді ылғи намысым.

Сол жоңғарды жойу үшін жерімнен,

Жанын қыйды қаншама асыл, арысым…

Шындығы осы. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасында бүкіл қазақ жерінде осындай Кеңестік дәуірден қалған Қазақ тарихының қате жазылған тұстары баршылық екеніне, жер аттары әлі де түзетіп, толықтыруды күтіп отырғанын ескертеді. Дәл осындай мысалдар Жаркент өңірінде де жетіп артылады.

Ислам-Ғали ЖАРКЕНТИ,

ақын,Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Алдыңғы мақала

Желтоқсан жаңғырығы арзан бедел жинаудың арқауы емес

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сарытаудағы сақ обалары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
364
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
229

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.